Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жамбыл облысына тоғыз күн бұрын әкім болып тағайындалған өңір басшысы халық алдында есеп берді

AstanaTV
19.02.2020ж. 20:00
2575
Жамбыл облысына тоғыз күн бұрын әкім болып тағайындалған өңір басшысы халық алдында есеп берді

Жамбыл облысына тоғыз күн бұрын әкім болып тағайындалған өңір басшысы бүгін халық алдында есеп берді. Жиын барысында жұрт жаңа әкімге сұрақтарын жаңбырша жаудырды. Аймақтағы Меркі қант зауытындағы проблемалар да назардан тыс қалмады. Біз өткен айда жаңалықтардан көрсеткен едік. Жиыннан шыққан әкімді есік алдынан күтіп алған шаруалар мәселелерін төтесінен қойды. Аталған зауыт ақпанның алтысы күні ақшаларын алуы керек болған. Бірақ әлі күнге бір тиін алмадық деп отыр. Шаруалар жақынарада қаржылары қолдарына тимесе, биыл тәтті түбір егіп, өсіруден бас тартпақ. Талаптарын тыңдап болған өңір басшысы аталған мәселемен толық танысуға мұрсат сұрады.

Бердібек САПАРБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Зауытты қыспас бұрын оның мүмкіндіктерін көруіміз қажет. Алып, сатып сіздердің қаржыларыңызды беретіндей қаржылық жағдайы қандай, алуға болатын ақшасы бар ма, жоқ па. Болмаса мүлкі бар ма, жоқ па? Соны зерттеп көру керек.

Б. Жумабай