Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Медициналық бетперделердің экспортауға шектеу қойылды

AstanaTV
20.02.2020ж. 20:00
1766
Медициналық бетперделердің экспортауға шектеу қойылды

Елде медициналық маскаларды экспортауға уақытша тыйым салынды. Енді жеке қорғану құралдарын заңсыз сыртқа шығаратындар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады. Ол бұл арқылы көлеңкелі сауда-саттықтың алдын аламыз деп отыр. Сондай-ақ министр Қазақстанға келген 500 мыңға жуық азамат арнайы медициналық тексерістен өткенін мәлім етті. Әзірге қауіпті індетті жұқтырғандар тіркелмеген.

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Біз шекарадағы жағдайды тексеріп, келген азаматтардың температурасын өлшеп, қарап отырмыз. Анкета толтырылуда.

Ал Уханда вирус жұқтырды деген күдікке іліккен қазақстандық қыз дәрігерлердің бақылауына алынған. Әзірге оның диагнозы нақтыланбапты. Елжан Біртанов, Қытай билігі дене қызуы бар адамдарды эвокуациялауға тыйым салғанын айтты.

Ғ.Өтемісов