Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары қызметін асыра пайданды деген күдікке ілікті - Д.Бигайдаров

AstanaTV
20.02.2020ж. 20:00
2621
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары қызметін асыра пайданды деген күдікке ілікті - Д.Бигайдаров

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары, қызметін асыра пайдаланды деген күдікке ілікті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің дерегінше ол 2017 жылы Талғар ауданының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» басшысы қызметінде жүргенде бірқатар жер телімдерін заңсыз рәсімдеген болуы мүмкін. Нақтырақ айтсақ Алматы халықаралық әуежайына жақын маңда орналасқан Панфилов ауылдық округіндегі 16 жер учаскесінің құрылыс сызбасына қатысты мәселе туған.  Еске салсақ былтыр 27-нші желтоқсанында апатқа ұшыраған "Bek Air" ұшағы дәл осы аумаққа құлаған болатын.

Данияр БИГАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ БІРІНШІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:


Осы құжат негізінде Жұмабаевтың атына меншік құқығы туралы құжаттар жасалды. Ауданы 0,96 гектар болатын жер тілімін азаматтардың жеке меншік құқығын тіркеу және сәйкестендіру құжаттарын заңсыз дайындауға негіз болғаны үшін күдікке ілікті. Күдікті ҚР ҚПК 128-бабы тәртібімен ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.Тергеу жалғасуда.

А. Данияр