Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Мәжіліс туристік қызмет мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеп жатыр

AstanaTV
20.02.2020ж. 20:00
2187
Мәжіліс туристік қызмет мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеп жатыр

Мәжілісмендер Қазақстандағы туризмнің даму деңгейіне алаңдаулы. Бүгін депутаттар тиісті заң жобасын әзірлеуге кірісті. Әзірге құжаттың үкіметтік нұсқасында нақты ұсыныстар жоқ. Сондықтан Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин тур қауымдастықтарының, фирма басшыларының, азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшылардың басын қосты. Олардың пікірлерін тындады. Кездесуде бизнесмендерге салықтық және кедендік жеңілдіктер беру, жолдар мен жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту қажеттігі айтылды.

Мұхтар ТАЙЖАН, САРАПШЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

Осындай заң жобаларды алдымен, қоғаммен талқылау керек қой. Ашық осындай ортақ талқыға салу керек. Сонда ғана заң сапалы болады. Сондықтан мен осындай Мәжілістің ашық талқылауды бүгінгідей толығымен қолдаймын.

А. Мүтәлі