$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Disney студиясының 7 картинасы қазақ тіліне аударылады

AstanaTV
20.02.2020ж. 20:00
3653
Disney студиясының 7 картинасы қазақ тіліне аударылады

Биыл 7 бірдей шетелдік туынды қазақ тілінде көрерменге жол тартады. Қазақстандықтар Disney киностудиясының аты аңызға айналған жауынгер - "Мулан", жас кемеңгер - «Артемис Фаул», «Алға», «Джунглидегі круиз» және «Соңғы айдаһар» туындыларын мемлекеттік тілде көре алады. Фильмдердің әрбірі шым-шытырық оқиғаға толы. Мұндағы кейіпкерлерді дыбыстайтын актерлік құрам да жан-жақты іріктеуден өткен. Голливудтық киностудиялардың өздері оларды таңдап алған көрінеді. Нышанбек Жұбанаев шетелдік сарапшылардың көңілінен шығып жүрген актерлердің бірі. Ол осы күнге дейін 5-тен аса фильмде дубляж жасаған.

Нышанбек ЖҰБАНАЕВ, АКТЕР:

«Мулан» атты үлкен тамаша, ауқымды, керемет әлемдік деңгейде түсірілген фильм шықпақ. Сол жерде мен басты кейіпкерлердің бірін сомдадым. Яғни, дубляжда.

Айта өтейік, елде қазақ тіліне аударылған шетелдік кинокартиналар саны жыл санап артып келеді. 9 жыл ішінде «Өзіңнен баста» жобасы 33 туындыға дубляж жасаған. Оған қатысқан 100-ден астам қазақстандық актердің дауысы Disney студиясының қорына тіркеліпті. Оның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілері де бар.

Динара ШӘЙЖҮНІСОВА, «БОЛАШАҚ» ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Біздің негізгі мақсатымыз -танымал мультфильм кейіпкерлерін қазақша сөйлетіп, өз балаларымыздың да мемлекеттік тілде сөйлеуге қызығушылықтарын ояту. Бұл бастамамызды ең әуелі «Nur Otan» партиясының қолдауымен іске асырады.

А. Мүтәлі