Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағандыда қорықшының өліміне айыпты үш браконьер өмір бойына бас бостандықтарынан айырылды

AstanaTV
21.02.2020ж. 20:00
2280
Қарағандыда қорықшының өліміне айыпты үш браконьер өмір бойына бас бостандықтарынан айырылды

Қарағандыда қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне айыпты үш браконьер өмір бойына бас бостандықтарынан айрылды. Олар «адам өлтіру», «қылмысқа дайындалу», «заңсыз аң аулау» секілді үш бірдей баппен айыпталған. Тағы 4 аңшы 6 жылға сотталды. Бүгін Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты осындай үкім кесті. Алайда айыпталушылар мұнымен келіспейді.

Өмір бойына бас бостандықтарынан айырылғандардың бірі - Қайрат Ақшанов, ол өз наразылығын осылай білдірді. Бүгін сот залына лық толған айыпталушылардың жақындары көз жастарына ерік берді. Ал қорғаушылары сотқа қайта шағымданатындарын мәлімдеді.

Сәбит ҚАЛИАҚАСОВ, Қ.АҚШАНОВТЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:

Бұл жерде ешқандай «Адам өлтіру» фактісі болмаған жағдай. Әрине кең далада екі жақ кездесіп, ауыр дене жарақатын салған. Нұрғалиевке дер уақытында көмек көрсетпеген. Бұл дәрігерлер жағынан , медициналық жағынан скорый помощь келмеген. Мысалы «Охотзоопром» жеке вертолеттары бар. Естіген бетте соны қондырып алып кетуге болар еді.

Алты жыл арқалаған айыпталушылар «заңсыз аң аулау» бабымен ғана жауапқа тартылған. Марқұм болған қорықшының бауырына 9, ал ұлына 15 млн теңге өндірілетін болды. Сол күнгі қырғында тірі қалған екінші қорықшы Петр Ницыкқа 6 млн теңге төлеу міндеттелді. Еске салсақ, былтыр қаңтардың 13- і күні, 17 киікті жайратқан қылмыстық топ ешкімді аямаған. Нұра ауданындағы Ақ қошқар тоғанының маңында табиғатты қорғау инспекторларына оқ жаудырып, қуып жеткен қорықшы Ерлан Нұрғалиевтың басын мылтықпен ұрып екіге айырған. Сөйтіп оқиға орнынан қашып кеткен еді. Келесі күні қорықшы Нұрғалиев қайтыс болды.

А. Қуаш