$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жетім қалған баланы асырап алғысы келген қызылордалық кедергілерге тап болды

AstanaTV
21.02.2020ж. 20:00
2865
Жетім қалған баланы асырап алғысы келген қызылордалық кедергілерге тап болды

Әріп танымайтын 9 жастағы өзге ұлттың баласын қызылордалық қазақ отбасы асырап алмақшы. Бірақ бұл оңай болмай тұр. «Айқын» газетінің тілшісі Миуа Байназар жетім қалған баланы бауырына басу үшін, дұрыс ата-ана болу туралы 3 айлық курстан өтуі міндеттелген. Әліптің артын бақсақ, бұл талап биыл шілде айынан бастап қана енгізілмекші. Демек бұл қамқоршылық-қорғаушылық органындағы мамандардың білместігі ме? Әлде басқа себептері бар ма? Шарипа Сақтапова мәселеге араласып көрді. 

9 жастағы Владикті осыдан бірнеше жыл бұрын туған анасы әкесіне тастап, өзі Корей еліне ақша табуға кеткен көрінеді. Өткен жылы әкесі қайтыс болып, бала қараусыз далада қалған. Сабалақ елді-мекенінің тұрғындары оның тағдырына алаңдап құзырлы орындарға хабар берген. "Жабайы Маугли" атанған жеткіншекті, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізіпті. Ба тағдырына бей-жай қарай алмаған қала тұрғыны Миуа Байназар баланы асырап алуды шешкен. Бұл шешіміе екі баласы да қолдапты. Олар тіпті қазақша еміс де дайындап қойған. 

Бердібек МЕРЕЕВ, 9 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Өзімнің қарамағымда болған соң өзім қарап, бас-көз боламын. Онын атын өзгертуге келістік. Нұртөре Жүсіп ағамыз-белгілі журналист екенін білесіздер, соған орай оның атын Нұртөре деп қойдық. Өзімен сөйлестік.

Отбасы жетімді мейірімге бөліп, оны қолдауға әзір. Құжаттар жинап, медициналық және басқа да тексерулерден өту өз алдына, енді арнайы курстан өтуді міндеттепті.

Миуа БАЙНАЗАР, ЖУРНАЛИСТ:

Бала тапқандікі емес, баққандікі ғой. Қиын болатының білемін ғой. Документі одан да қиын екен. Сосын 3 ай оқу керек дейді да. Жаңағы баланы қалай тәрбиелеу керек, оның мінезі қалай деп. Мысалы, ия күйеуге шықпаған, ия бала туып, тәрбиелеп көрмегендер маған үйретеді да, соған таң қаламын мен. +Оқимын ғой, бірақ соңда да болса баланы мен алып, оқытып, тәрбиелейін десем көнбей жатыр ғой. Енді соның документынде жүрмін.


Жергілікті білім басқармасы мамандары, қамқоршы-қорғаушы органындағы мамандары айтқан үш айлық оқу курсы ол - міндетті. Бірақ бұл жаңашылдық осы жылдың жазынан бастап қана енгізілетінін айтты.   

Перизат ӘБДІКЕРОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ:


Асырап алуды 3 ай оқыту деген заңнама биылдан бастап іске асырылуда. Ол облыс әкімі мен «Ана үйі» қоғамдық ұйымының арасындағы келісім негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі таңда заң күшіне енген жоқ. Шілде айында күшіне енеді деп айтылды.
 
Қамқоршы-қорғаушы органындағы мамандар, қанша адамның месілін қайтырып, сандалтып жүргені бізге белгісіз. Белгісі тек бір ғана факті. Кәріс баласын қазақы тәрбие беріп, ел қатарына қосам деген Миуа Байназар құжаттар жинап жүргенде, Владикты бейімдеу орталығынан балалар үйіне ауыстырып жіберген. Ойын баласы қазір «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылында жүр.

Гүлжан ЖАВЗМАГИНА, «АТАМЕКЕН» ОТБАСЫ ҮЛГІСІНДЕГІ БАЛАЛАР АУЫЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Қонақжай отбасы» деген бағдарламасы бар, сол рұқсат алғаннан кейін баланы 1 күнге отбасына алып кетіп, отбасына таныстырып, сөйтіп жұмыс жасалынады. Біз жақтан енді психолог мамандармен жұмыс жасалынады, баламен де, асыраушы ата-аңамен де, барлығымен.


Демек, Владиктің жақын уақытта Нұртөре болып жаңа өмір бастайтын күні алыс емес. Тиісті құжаттарын жинақталып, қамқорлыққа алуға Заң тұрғысыны рұқсат алса болғаны.

Ш. Сақтапова