Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Батыс Қазақстан тұрғыны шөп шауып жүріп мұнай кен орнын тауып алғанын айтты

AstanaTV
21.02.2020ж. 20:00
4011
Батыс Қазақстан тұрғыны шөп шауып жүріп мұнай кен орнын тауып алғанын айтты

Батыс Қазақстан тұрғыны шөп шауып жүріп мұнай кен орнын тауып алған. Бүгін Қазталов ауданының азаматы Сәдуақас Құрмашев бұл жаңалығын министр Нұрлан Ноғаевқа жеткізді. Ол өз кезегінде жергілікті мамандарға мәселені назарға алуды тапсырды. Жалпы "Nur Otan" партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау алаңына бүгін газбен қамту мәселесімен келгендер көп болды. Министр барлығын кезең-кезеңімен қарастырып, шешімін табуға тырысатынын айтты.

Нұрлан НОҒАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Тұрмысты жақсартуға, инфрақұрылымды жақсартуға қатысты мәселелер көтерілді. Барлығы егжей-тегжейлі қарауды талап етеді. Бұл жалпы Nur Otan-дықтардың алдына партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтің қойған міндеті. 

Ә. Өмірзақ