$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тараздағы №43 мектеп директорының басы тағы да дауға қалды

AstanaTV
25.02.2020ж. 20:00
3239
Тараздағы №43 мектеп директорының басы тағы да дауға қалды

Тараздағы №43 мектеп директоры уақытша қызметінен шеттетілді. Басшылық пен ұстаздар арасындағы айғай шу астанаға жетіп, мәселеге Білім және ғылым министрі араласты. Сондай-ақ, олқылықтарға жол бергені үшін облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінің басшалары ескерту алды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәтінен 29 жыл сабақ берген Күнсұлу Бөрімбекованың бейне-үндеуі бұл дауға негіз болды. Жұмыстан негізсіз қуылдым деген ұстаз, мектептегі бірақ былықтың бетін ашты. Ол мәселеге ел Президенті мен білім министрі араласуын сұраған болатын. 

Күнсұлу БӨРІМБЕКОВА:

Бұл директор мектепке келгелі ұжымның берекесі қашты. Көптеген мұғалімдерді жұмыстан кетіріп, 20-25 жылдық еңбек өтілі бар мұғалімдері жұмыстан кетуге мәжбүрледі. Міне бүгінгі күні соның біреуі мен болып отырмын.

Мұғалімдер директор білім ордасын меншігіндей көреді деп отыр. Ал, ұстаздармен дөрекі сөйлесуді әдетке айналдырған дейді. Қарсы шыққандарының артына түсіп, жұмыстан қуғанын айтады. Одан қалса ақша жинап, мектепті базарға айналдырды деп отыр. 

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА, ФИЗИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:
 
Декреттің жұмыстан шыққан мұғалімдерден 50 мыңнан алатын. Биылғы жылы 100 мың болыпты ставкасы. Одан кейін артық сағат алу үшін мұғалімдерге ұсыныс тастайды. 27 сағат алсаң 50 мың, 24 сағат алсаң 30 мың. Кәдімгі базар болып кеткен біздің мектеп.

Ал, мектеп директоры болса өзіне тағылған айыптармен келіспейді. Дәлелсіз жала жапқандарды заң аясында жазаламақ. Ал, даудың шығуына себеп болған Күнсұлу Бөрімбекованы, міндетін дұрыс атқарманағы үшін жұмыстан шығардым деп отыр.

Елмира ӨМІРБЕКОВА, ТАРАЗ қ. №43 МЕКТЕПТІҢ БҰРЫНҒЫ ДИРЕКТОРЫ:

 
Арыз шағым жазуға оның толықтай құқысы бар. Бірақ, ол кісінің қаржы мәселесі кеп қойылған сұрақтарының барлығына мен заңның аясында сотқа жүгіну арқылы шешім шығартқызамын. Енді мен шығармаймын ғой дұрыс па? Біріншіден ол кісілер оны дәлелдеу керек. Кімге қай уақытта. Мен ол кісіге сол кезде айтқам. Кабинетке шақырып не мәселе сізді тік тұрғызып жатқан. Ал негізі ол функционалды міндеттерін тиісті деңгейда атқармағаны үшін жұмыстан шығарылды.

Дегенмен кімдікі заңды, кімдікі заңсыз екенін енді арнайы құрылған комиссия анықтамақ.

Асхат АЙМАҒАНБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:
 
Қазір комиссияның тексері жүруде. Тексеріс аяқталғанға дейін директорды жұмысынан шектеуді тапсырамын.Үшіншіден педэтикалық жағынан қылықтары сәйкес келмейді. Мен видеоларды да әдей қарап шықтым.

Айта кетейік Елмира Өмірбекова осыдан 6 жыл бұрында, дәл осылай басы дауға қалған еді. Ол кезде № 25 мектептің директоры болған еді. Сол айғайдан кейін Өмірбекова қызметінен қуылып, кейін сот арқылы қайта директор болып тағайындалған. Ал нөмірі 43-ші мектепке осыдан үш жыл бұрын келген.
 
Б. Жұмабайұлы