Соңғы 5 жылда елде туберкулезге шалдыққан жастар 1,6 пайызға азайған. «Жастарды қолдау» бағыты бойынша комиссия отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров осылай деді. Сондай-ақ ол жастар арасындағы суйцид, аборт және ерте жастағы жүктілік мәселелеріне де тоқталды. Алайда, алқа мүшелері вице-министрге саннан сапаға көшуді талап етті.
Ғ.Өтемісов