Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жас маманды зорлаған айуан бұған дейін де қылмыстар жасағаны белгілі болды

AstanaTV
27.02.2020ж. 20:00
4652
Жас маманды зорлаған айуан бұған дейін де қылмыстар жасағаны белгілі болды

Павлодар облысында мектепке бара жатқан жас ұстазды зорлады деген күдікті, бұған дейін де қылмыстар жасағаны белгілі болды. Бірақ тараптардың татуласуымен іс сотқа жетпей жабылып келген. Күдіктіні полицейлер бүгін таңертең көрші ауылдан тапқан. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиға Аққулы ауданына қарасты Майқарағай ауылында, сейсенбі кешкісін болған. 19 жастағы жас ұстаз сабаққа әзірленбек болып, мектепті бетке алған. Өйткені ауылда ғаламтор тек білім ордасында ғана ұстайды. Ауылдасы осы сәтті пайданалған. Зардап шегуші күдіктіні танымайтындығын айтыпты. Бұл туралы «Не молчи.kz" қоғамдық бірлестігінің жетекшісіне жәбірленуші мен оның туыстары хабарлаған. 

Дина СМАЙЫЛОВА, "НЕ МОЛЧИ.KZ" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
 
Ол оны бос қалған әкімдіктің ескі ғимаратына сүйреп апарып, зорлаған.  Содан түгел ауыл жиналып, қылмыскерді іздепті. Таба алмаған соң, біздің бірлестікке хабарласты. Өйткені, ауыл тұрғындары қылмыскер жазасыз қалуы мүмкін деп қорыққан.  Себебі, бұған дейін де осыған ұқсас жағдай болып, күдікті жазадан сытылып кетіпті.

Күдіктіні тәртіп сақшылары бүгін таңертең көрші ауылдан тапты. Ол да Майқарағай ауылының 30 жастағы тұрғыны. Бұрында ауылдастарының біріне сексуалды сипаттағы зорлық көрсеткені және мал ұрлағаны үшін істі болған. Алайда, бұл қылмыстар тараптардың татуласуынан сотқа жетпей жабылып отырған. Полицейлер күдікті өз кінәсін мойындағанын жеткізді.      

Елдар ӘБДІКЕНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Аққулы ауданына қарасты Майқарағай ауылында сы факті бойынша ҚР ҚК 120, 121 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар экспертизалар тағайындалды.


Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:


Жергілікті атқамінерлер болған жайтқа байланысты жұмған аузын ашар емес. Біздің білуімізше бұл ауданда 3 ауылға бір учаскелік полициядан келеді. Ол маман тапшылығынан ба, әлде басқа себебі бар ма? Ол жағы бізге білгісіз. Дегенмен бірлестік жетекшісінің сөзінше, жас маман Майқарағай мектебіне көрші ауылдан қатынап жұмыс істеп жүрген.

  
Ө. Қуанар