$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мектеп оқушылары мен жеңілдік санатындағы азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүре алады

AstanaTV
27.02.2020ж. 20:00
3078
Мектеп оқушылары мен жеңілдік санатындағы азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүре алады

Бүгіннен бастап атауын өзгерткен «Астана LRT» кәсіпорыны, енді оқушылар мен зейнеткерлерді тегін тасымалдайтын болды. CTS яғни "City Transportation Systems" деп аталған кәсіпорын наурыздың 28-нен бастап жеңілдік санатын алған алты топтағы азаматтар мен 18 жасқа толмаған барлық балаларға ақысыз қызмет көрсетеді. Бірақ оқушылар мен жеңілдігі бар азаматтар автобуста өз карталарын алып жүруі шарт. Валидатор арқылы карта өткізіледі, бірақ ай сайын оны ақшамен толтырудың қажеті жоқ деді мекеме өкілдері. Оқушылар мен зейнеткерлердің қоғамдық көліктегі тегін жүрісі тарифке әсер етпейтінін ескертті.

Дәурен НҰРАЛИЕВ, "CTS" ЖШС БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Біз бүгінгі шешімімізбен яғни наурыздың 28-нен бастап оларға оған қоса мына қала маңындағы автобустар. Яғни, «пригородные перевозки» дейді сол жерде тегін жүруге мүмкіндік бар. Яғни, оларға басқа бір көліктік карта алудың қажеті жоқ. Дәл сол көліктік картамен 28-ші науырыздан бастап тегін жүру мүмкіндігі беріледі...

Д. Мұхаммедкәрім