Негізгі / Жаңалықтар / БҚО-да орналасқан Есенсай ауылында қалаға қатынайтын жол жоқ

БҚО-да орналасқан Есенсай ауылында қалаға қатынайтын жол жоқ

Батыс Қазақстан облысындағы Есенсай елді-мекенінің тұрғындары ауылдан шыға алмай отыр. Бұл мәселе жылдары бойы шешімін таба алмай келеді. Редакциямызға хабарласқан ауыл тұрғындарының жергілікті атқамінерлерге өкпесі қара қазандай. Ауылда тіпті ұялы байланыс желісі де жоқ деп отыр. Ашынған халық тайлы тұяғымен әкімдікке де базынасын жеткізген. Бірақ қайыр болмапты.

Сақыпжамал ДҮЙСАЛИЕВА, ЕСЕНСАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Актив, белайнға сеть те жоқ. Ауырған адамдар ешқайда хабарласа алмайды. Көлік те жоқ. Скорый да жүрмейді, батып қалады жолдың жоқтығынан. Осындай қиындықтар бар. Бұл те бір емес, жылдар бойы шешілмей жатқан мәселе.
   
Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Дәл қазір осы мәселеге жауапты Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Шадиярұлымен байланысып көрейік. Қайырлы кеш, Қалияр мырза! Көпті алаңдатып отырған мәселені қашан шешесіздер?

Қалияр ШАДИЯРҰЛЫ, АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ақжайық ауданы Жайық өзенінің екі бетінде орналасқан. Ал асфальт тек оның бір жағында ғана бар. Екіншісінде жоқ. Биыл енді 50 шақырым жерге асфальт төсеу жоспарланып отыр. Бірақ, соның өзінде шағымданған тұрғынның ауылына 30 шақырымдай жетпей қалады. Қалғанын енді сараптамадан өткіземіз.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Осы уақытқа дейін неліктен жол салынбаған?


Қалияр ШАДИЯРҰЛЫ, АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:


Батыс Қазақстан облысының тек 31 пайыз жолына ғана асфальт төселген. 2025 жылға дейін 90 пайызға жеткізу жоспарда бар.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Хабарласқан тұрғындар ауылда байланыс желісі де істемейтінін айтты. Алыстағы ағайынмен хабарласу үшін үйдің шатырына шығуға мәжбүр. Бұған қатысты не айтасыз?

Қалияр ШАДИЯРҰЛЫ, АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Байланыс жүйесінде проблемалар бар екені рас. Дәлірек айтсам 8 ауылда. Оның барлығын алдағы 1-2 жылда реттейміз.


Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Сұхбатыңызға рақмет! Бізбен байланыста болған Ақжайық  ауданының әкімі Қалияр Шадиярұлы. Біз бұл жағдайды өз бақылауымызға аламыз.Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан өзекті мәселеңіз болса, хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Ғ. Өтемісов