Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматыда жер сілкінісі қаупінен сақтану шараларын пысықтайтын кең көлемді оқу-жаттығу жиыны өтті

AstanaTV
05.10.2017ж. 20:00
5096
Алматыда жер сілкінісі қаупінен сақтану шараларын пысықтайтын кең көлемді оқу-жаттығу жиыны өтті

Алматыда жер сілкінісі қаупінен сақтану шараларын пысықтайтын кең көлемді оқу- жаттығу жиыны өтті. Оған қаладағы 200-ден астам білім ошақтары мен мекемелер, құзырлы орган өкілдері түгел дерлік жұмылдырылды. Сағат тілі 12-55-ті соққанда ғимараттарда алғашқы сақтану шаралары жүзеге асырылды. Жылына бір рет ұйымдастырылатын жалпы сеймикалық жаттығудың биылғы ерекшелігі қандай? Олжас Нұржақып айтады.

Алматыда 7 баллдық жер сілкінісі болғаны туралы дабыл, әрине, шын болған жайт емес.  Бұл қауіпсіздікті пысықтайтын көрініс. Мегаполисте бір мезетте 506 электросирена қосылып, ақпарат құралдарында  ескертулер жарияланды. Кең көлемді оқу-жаттығудың алғашқы нысаны орта мектеп ғимаратында өтті. Төтеншеліктер мұндағы оқушылардың жер сілкінісі қаупіндегі қарекетіне көз жүгіртіп, мәліметтерімен бөлісті.

Тас басыңа түссе, жаман болады. Соған икемделу керек. Жер сілкінгенде тез шығу керек.

Оқу-жаттығудың негізгі бөлігі Алаш стадионында жалғасты. Қауіпсіз нүктеге азаматтық қорғаныс, әуе-құтқару қызметі мен басқа да құзырлы орган өкілдерінен құралған 175 адам мен 45 техника жұмылдырылды. Алғашқы міндет ғимарат астында қалғандарды алып шығу. Жедел жәрдем мен құтқару қызметі бірлесіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге жеткізді. Мұнара басында қалған адам да дер кезінде құтқарлды.

Ләззат Ибрагимова, алғашқы көмек үйлестірушісі:

Үш адамға көмек көрсетілді. Біріншіден, жүрек-өкпе реанимациясы жасалды қолменен. Екіншісіне бас жарақатына арнаулы павязка жасалынды. Үшіншісіне, ашық қан кету болғандықтан, арнаулы байлау көмектері көрсетілді.

Олжас Нұржақып, тілші:

Жалпы қалалық сейсмо оқу-жаттығуларының аясында қауіпсіз жер саналатын мына нүктеде зілзаладан зардан шеккен тұрғындарға арнап уақытша 20-ға жуық шатыр тігілген. Оларға, азық-түлік, сусын және мынадай 6 және 10 орынға жоспарланған жатын орындары ұсынылады. Толықтай эвакуациялық жұмыстар аяқталмайынша, уақытша тұрғындарға осы жерде тұрақтауға тура келеді.

Жаттығудың ерекшелігі - қала халқын толық тартқанымызда, дейді төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері. Ал тұрғындар зілзала болған жағдайда қандай қарекет жасау қажеттігін біле ме?

Білмеймін, бүгін болды ма не жер сілкінісі. Мына перекладиналарға тұру керек. Егер сәл ерте естісе, далаға шығуға тырысу керек. Үйден жүгіріп шығу керек. Немесе табалдырыққа тұру керек. Столдың астына кіру керек.

Шындығында, үйде, жұмыста немесе өзге де ғимараттарда отырғанда жер сілкінсе, не істеу керек?! 

Сандуғаш Баймұхамедова, Алматы қаласы ТЖД баспасөз хатшысы:

Бірінші, радиоқабылдағыштарды қосып, айтылған іс-әрекеттерді бұлжытпай жасау керек. Екіншіден, ғимараттардан шығып, өздерінің қауіпсіздік зонаға баруға тиіс. Алматы қаласында ондай нүктелер 127, ол 8 ауданда орналасқан.

Шаһардағы кең көлемді оқу-жаттығу бір сағатта өз мәресіне жетті. Осылайша, сейсмикалық дабыл мұндағы жұртты дүр сілкіндіріп, кез-келген жағдайға дайын болу қажеттігін тағы бір еске салды.

Олжас НҰРЖАҚЫП