Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мәжілісте "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" кодексі бірінші оқылымда мақұлданды

AstanaTV
04.03.2020ж. 20:00
2144
Мәжілісте "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" кодексі бірінші оқылымда мақұлданды

Бүгін Мәжілісте халық денсаулығына қатысты кодекс жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Депутаттар жұмыс берушінің азаматтарды қан, ағза және тіндер донорларының қатарына тарту бойынша жәрдемдесу міндетін, скринингтік медициналық зерттеулерден өтпегені үшін еңбек ету құқығын шектейтін нормаларды алып тастады. Палата спикері Нұрлан Нығматулин кодекс жобасы халық арасында көп талқыланғанын атап өтті.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әр норма жан-жақты талқыланып, көптеген сұрақтар өз шешімін тапты. Әсіресе цифрлық медицинаны күшейту мәселесі, донорлық және ана мен бала денсаулығын сақтау бойынша өзгерістер енгізілді.

Ғ.Өтемісов