Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қарағандыда кәсіпкерге қатысты сот басталды

AstanaTV
05.03.2020ж. 20:00
1251
Қарағандыда кәсіпкерге қатысты сот басталды

Қарағанды да кәсіпкерге қатысты сот отырысы басталды. Прокурор мас күйінде қымбат көлігімін көпқабатты аула ішінде сағатына 117 шақырым жылдамдықпен жүйткіген. Осының салдарынан тұрақта тұрған 5 көлікті соғып, бір адамның өмірін қиды деп айыпталуда. Қазыбек би аудандық сотындағы процеске әріптесім де қатысып қайтты.

Айыпталушы - ірі астық фирмасының басшысы. Ол өткен жылы қазанда ішіп алып, "Лексус 570» маркалы машинасымен 5 көлікті соғып, оның біреуінің ішінде отырған екі адамды жарақаттаған еді. Ауыр соққыдан 29 жастағы бойжеткен ауруханада көз жұмды. Прокурор сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жүретін аулада, айыпталушы  117 шақырыммен қозғалған деді.
  
Нұргүл ЖАХИНА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

Айыпталушы Сәрсенов жол ережелерін бұзып, жеңіл мас күйінде көлікті басқарған. Шамамен сағатына 117-де 8 жылдамдықпен қозғалған. Степной 4 ықшам ауданының аулаларында жүрген. Қауіпсіздік сақтамағандықтан 5 көлікті соққан. 2 адам соққы алып, біреуі аса ауыр жарақаттан көз жұмған.

Бұл кәсіпкердің қоңыр күзде өзін ұстауға келген полицейлерге көрсеткен мінезі. Оның артынан жеткен келген екі ұлы да, сұмдық оқиғаға наразы тұрғындар мен құқық қорғаушыларға қарсылық көрсеткен. Бұл оқиға қоғамның наразылығын тудырған болатын. Ал бизнесмен бүгін ішімдік ішіп, тізгінге отырғанын мойындады.

Серікбол СӘРСЕНОВ, АЙЫПТАЛУШЫ:

Ештеңе етпес деп ойладым. Республика даңғылына бұрылған кезде полиция маған тоқта деген белгі берді. Бірақ мен ішіп алғандықтан тоқтамай Степной жаққа бұрылып кеттім. Көліктерді соққан кезде ішінде адам барын білмедім. Есімнен танып қалыппын. Оянсам адамдар қаптап кетіпті.


Ал қайтыс болған қыздың анасы кәсіпкердің жазасыз қалмауын сұрады. Сонымен бірге сотқа материалдық және морольдық шығын талап ету туралы арыз түсіретінін мәлімдеді.
 
Римма КАРЧАУСКАЙТЕ, ЖАПА ШЕГУШІ:

Менің жалғыз қызымның миы қатты жарақаттанған. Екі апта жан сақтау бөлімінде комада жатып көз жұмды. Оның жарақаттары тым көп болған. Сәрсеновтің әкесі реанимацияда көмектестім деп өсек таратыпты. Онда бәрі тегін болды. Мен өтемақы жөнінде жеке тағы да арызданамын.

Айыпталушы кәсіпкер заң бойынша 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

А. Қуаш