Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақжарқын Тұрлыбай жазасын Қазақстанда өтеуі мүмкін

AstanaTV
11.03.2020ж. 20:00
3987
Ақжарқын Тұрлыбай жазасын Қазақстанда өтеуі мүмкін

«Есірткі тасымалдады» деген айыппен Қытай түрмесінде жатқан отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбай жазасын Қазақстанда өтеуі мүмкін. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов осыны айтты. Дегенмен бұл процесс ұзақ уақытты қажет етеді деді. Алдымен отандасымызға қатысты соттың соңғы шешімі шығып, үкім заңды күшіне енуі тиіс. Осыдан кейін ғана, екі ел арасындағы «сотталғандарды алмасу» құжатына сәйкес Қазақстан тарапы Ақжарқынды елге сұратпақшы.

Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қытаймен толық шарттарымыз бар. Егер біздің азаматтарымыз сол жерде кінәлі деп танылып бас бостандығынан айрылса, біз өкілетті органдардың арасында осы шартқа сүйене отырып азаматымызды елге қайтаруға толық мүмкіндігіміз бар.

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылды Гуанчжоу әуежайында ұсталды, оған шекарадан 4 жарым келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды. Қытай соты алдымен оны өмір бойына бас бостандығынан айырған, бірақ бір жылдан кейін үкім күші жойылды. Сөйтіп іс қайта қарауға жіберілген еді. Жалпы шетелде абақтыға қамалған қазақстандықтардың саны 200-ге жуық. Оның көбі ТМД елдерінде. Ал, біздегі түрмелерде 500-ден аса шетелдік қамауда отыр.

Ә. Өмірзақ