$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Коронавирус! Медициналық маска қорғамаса не істеу керек?

AstanaTV
12.03.2020ж. 20:00
2588
Коронавирус! Медициналық маска қорғамаса не істеу керек?

Мектеп оқушылары дүйсенбіден бастап, көктемгі демалысқа шағады. Ал студенттер қашықтықтан оқитын болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы короновирусты пандемия деп таныған соң, ел үкіметі осындай шешім қабылдады. Әлбетте, оқушылар қуанды, ал мектеп әкімшілігі- 4 күнде қорытынды шығарып үлгеруі тиіс. Сондай-ақ қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Кинотетрлар жабылды. Әлішер Өмірзақтың материалы.

Оқушылардың демалысқа ерте шығуы мұғалімдерге қиындық тудырды. 16-на дейін мектеп бағдарламасына сәйкес оқушылардан жиынтық бағалауларды қалай алып үлгереміз деп бас қатырып отыр. Бұл мәселені шешу үшін Қарағанды қаласының білім басқармасы сенбі күнін пайдаланбақ. 

Гүлдана НҰРСҰЛТАН, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Үшінші тоқсанның оқу бағдарламалары бүгінгі күнге толық игерілді. Егер де бір- екі пәндер бойынша жиынтық бағалау қалған жағдайда қамқоршылық кеңестің келісімімен сенбі күні өткізуге болады. Сонымен қатар 3 және одан да көп сабақтар бойынша  қалып жатса келесі тоқсанның басында қолайсыз жағдайларға байланысты тапсыруға болады.

Бүгінде коронавирусты 114 елге жетіп, жұқтырғандар саны 118 мыңнан асты. 5 мыңға жуық адам қаза тапты. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш өсуі мүмкін. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев, ел ішіндегі қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Бірінші рет Наурыз кең көлемде тойланбайтын болды. Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарды той-томалақты шегеруге шақырды.

Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Үйлену тойы, туған күн мерекелері өте маңызды шара. Бірақ денсаулық одан да маңызды. Сондықтан той өткізбес бұрын жақсылап ойлану керек. Ең болмағанда, қонақтар санын барынша азайтқан дұрыс. Мүмкіндік болса, кейінге қалдыруға шақырамын.


Үкімет басындағылар Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар жоқ деді.

Тедрос ГЕБРЕЙЕСУС, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Алдағы таяу күндері және таяу аптада коронавирусты жұқтыру фактілері, өлім жағдайлары және зардап шеккен елдер саны артады деп болжап отырмыз.

Республика аумағындағы бірнеше дәріханаларда қарапайым медициналық масканың жоқтығы алаңдатушылық тудырады. Дегенмен дәрігерлер коронавирустан ешқандай маска қорғай алмайтынын тағы ескертті. Жеке бастың гигиенасына жіті назар аударып, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауға кеңес береді. «Сақтансаң сақтайды» деген қағиданы ұстануға шақырады.

Ә. Өмірзақ