Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қарағандыда көрерменсіз көрме өтті

AstanaTV
16.03.2020ж. 20:00
4655
Қарағандыда көрерменсіз көрме өтті

Көрерменсіз көрме. Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Наурыз - көктем мерекесі. Дәстүр сөйлейді» атты экспозиция ашылды. Онда ХІХ ғасырдағы қолданбалы ұлттық бұйымдар мен қазақ халқының салт- дәстүр, ырым- жоралғылары көрсетілді. Көрмені елдегі төтенше жағдайға байланысты, тек БАҚ өкілдері ғана тамашалап қайтты.

Ұйымдастырушылар алты қанатты киіз үйді аластап, экспозицияны ашты. Аластау рәсімі-  жамандықты қуып, әр істі тазалықтан бастауды білдіреді. Көрменің ерекшелігі - үй жиһаздары мен қолданбалы бұйымдардың дәстүрмен сабақтастығы сахналанды. Көне бұйымдардың барлығы осы бір шаңырақтың астына жиналған. Ер-тоқым, ұлттық киімдер мен әшекейлер, баланың заттары. Бесік жабдықтары, мысалы малдың жілігінен жасалатын «шүмек» көрсетілді. Шүмекті ежел де аналар жөргектің орнына қолданған.

Мейрамгүл ЕЛУБАЕВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ МҰРАЖАЙЫ ҒЫЛЫМИ- ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бүгінгі күнде көбісі баланы бесікке салмаймыз. Ұмыттық бұл дәстүрді. Біздің бүгінгі мақсатымыз сол дәстүрді жаңғырту. Ал бесікке салған бала ол біріншіден ұйқысы тыныш болады, таза болады.

Шашу шашу дәстүрі де көрсетілді. Ұйымдастырушылар салт- дүстүрді мектеп оқушылары мен студенттер, қала тұрғындарына көрсетуді жоспарлаған. Алайда ел ішіндегі төтенше жағдайға байланысты көрмені БАҚ өкілдері ғана тамашалады.

Назерке ЖАРТЫН, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ МҰРАЖАЙЫ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Бүгінгі көрменің бір ерекшелігі көрерменсіз ашылды. Оқушылар, студенттерсіз ашылып жатыр. Наурыз- ол Ұлыстың ұлыс күні, қазақ халқының төл мерекесі ғасырлар бойы тойланып келе жатқан. Осы мереке қарсаңында біз бей- жәй қала алмадық. Сондықтан да көрмені ашып отырмыз.


Көрмеде Наурыз көже мен мерекелік дастархан да жайылыпты. Мұражай қызметкерлері көрме елдегі жағдай түзелген соң жалғасатынын айтады.

А. Қуаш