$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 33 жетті, - ҚР ДСМ

AstanaTV
17.03.2020ж. 20:00
3310
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 33 жетті, - ҚР ДСМ

Коронавирус жұқтырғандардың саны 33-ке жетті. Бүгін анықталған науқастардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханаларға жатқызылған. Одан бөлек Мажарстан астанасы Будапеште жүрген отандасымыздан да инфекция табылып жергілікті емдеу орындарының біріне жеткізілген . Әріптесім Асылбек Данияр елдегі соңғы ақпараттармен бөліседі.

Әлемдік коронавирус пандемиясын жұқтырғандардың саны бүгін бірден 21 жағдайға өсті. Науқастардың ең кішісі Берлин-Алматы рейсімен ұшып келген 2 жастағы бала. 13 наурызда келген бұл ұшақтың бортында экипаж мүшелерін қосқанда 12 адам болған. Фейсбук әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шыққан денсаулық сақтау министрі елордадан 14 науқастың тест сынамасы оң нәтиже көрсеткенін жеткізді.

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Қазіргі уақытта қосымша Нұр-Сұлтан қаласында 14 жаңа науқас тіркелінді. Бұл науқастар барлық карантиндік тәртіп бойынша карантинге жатқызылып, байланыста болған азаматтармен бірге жұмыс жасалды. Барлық контактілер анықталуда.

Бүгіннен бастап Қазақстанның бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің коронавирус таралуының алдын алу мақсатында жасаған жаңа қаулысы күшіне енді. Құжатта шетелден келетін азаматтарға қатысты жаңа тәртіптер көрсетілген. 

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

"1А" санатқа азаматтар міндетті түрде карантинге жатқызылатын мемлекеттердің ішінде Франция, Иран, Италия, Испания және Германия. "1В" санатқа Қытай, Корея Республикасы, бүкіл Шенген аймақтағы мемлекеттерінен келген азаматтар міндетті түрде үй карантинге жатқызылады.


17 наурыздағы сағат 19:00-дегі жағдай бойынша , Нұр-Сұлтанда - 18, Алматыда - 15 науқас  жалпы 33 науқас тіркелген. Министрлік дерегінше қазір станционарлық карантинде 1600-ге жуық адам жатыр. Мыңнан астам азамат үйінде оқшауланған. 

Алматыда бүгін тағы 7 науқас тіркелді. Барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысының сөзінше, дертті жұқтырғандардың жағдайы қалыпты. 

Тілеухан ӘБІЛДАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Баланың денсаулығының жай-күйі бүгінгі таңда қанағаттанарлық. Екі пациент бұлар бұған дейін коронавирус расталған адаммен байланыста болғандар, жұқпалы аурулар ауруханасында оқшаулауға орналастырылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев жұмыс тәртібін өзгертуге қатысты ұсыныс жасады.

ТЖ режимінде қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті бақылайтын мекемелерден, жекелеген БАҚ-тан өзге мемлекеттік, квазимемсектор қызметшілерінің 70%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшірген жөн. Жеке кәсіпорындарға да осындай шараны қолдану ұсынылады.

Енді карантиндік жағдайды бұзған азаматтар 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Денсаулық сақтау мамандары ескертеді, егер бойыңыздан аурудың белгілері байқалған жағдайда жедел жәрдем шақырту қажет. Және де жеке бастың гигиенасы бірінші орында екенін естен шығармаңыз. Вируспен күресті өзіңізден бастаңыз. Бірлік болғанда ғана індетті жоя аламы

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында мобильді бекеттер пайда болады. Мақсат - олардың көмегі арқылы вирусты жұқтырғандарды немесе кесел күдігі бар азаматтарды анықтау. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Күлгінов айтты. Әкім осы аптада ел астанасына 1 миллион дана медициналық бетперде және антисептик сұйықтықтары жеткізілетінін хабарлады.

А. Данияр