$494.87 €520.65 ₽4.91
×

COVID-19 әлем экономикасын тізеге бүкті

AstanaTV
17.03.2020ж. 20:00
2863
COVID-19 әлем экономикасын тізеге бүкті

COVID-19 өз шарттарын қоя бастады. Қытайдан шыққан індет әлем экономикасын тізе бүктіргенге ұқсайды. Еуропа сарапшыларының пікірінше қазірдің өзінде корновирус 10-даған млрд долларға шығын келтірген. Вирустың әлемдегі әлегі жайлы келесі бейнематериалда.

Туризм саласы - COVID-19-дың алғашқы соққысына тап болды. Шекара қақпасын жапқан мемлекеттер саны күннен-күнге артты. Әуе қатынасы азайды. Бұл миллиондаған доллар шығын әкелді. Мысалы Аустриялық "Qantas Airways" компаниясы ұшып-қонуын 90 пайызға қысқартты.

Саймон БИРМИНГЕМ,  АУСТРАЛИЯ САУДА, ТУРИЗМ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ МИНИСТРІ:

Qantas шешімі өкінішті-ақ. Дегенмен, төнген қауіпті ескере отырып бұл шешімге түсіністікпен қараймыз.
 
Qantas Airways бері тұрсын. Air France-KLM сияқты өзгеде «мүйізі қарағайдай компаниялар» жұмысын қысқартты. Наурыз айының өзінде кәсіпорын үш жарым мың рейсін кейінге қалдырды. Бұл жоспарланған кестенің 25% ғана. Яғни, ірі компаниялардың қалтасына ауыр соққы тиді. Франция қаржы министрі Бруно Ле Мэр өз сөзінде, «Команиялар өздігінен күн көре алмайды», деп мәлімдеме жасады.

Бруно ЛЕ МЭР, ФРАНЦИЯ ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Вирус, экономикалық және қаржылық сектормен қақтығыс жүргізіп жатқанын мойындауымыз керек. Індетпен күресу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет. Еуропадағы бизнес саласына қол ұшын беруіміз үшін 45 млрд еуро қажет.

COVID-19 көптеген бақуатты елдердің қалтасын тесті. Ең басты қауіп - Үрей. Короновирустың өзінен бұрын осы үрей экономикаға теріс әсер етуде. «Бұл дағдарыстың қасында 2009 жылғы күйзеліс ойыншық» деген пікір бар. Сарапшылардың пайымынша  бұл тоқырау осы жылдың екінші жартысында ғана саябырлауы мүмкін.

Десе де короновиустың арқасында байып жатқан компаниялар да бар. Мысалға: Amazon алып интернет компаниясы тек қана АҚШ-та қосымша 100 мың адамды жұмысқа алатынын хабарлаған. Олар азық-түлікті үй-үйге жеткізумен айналысады.
 
Д. Мұхаммедкәрім