$491.71 €529.97 ₽5.05
×

Атырауда еріктілер бетперде тігіп, жағдайы төмен отбасыларға тегін таратуға көшті

AstanaTV
17.03.2020ж. 20:00
2758
Атырауда еріктілер бетперде тігіп, жағдайы төмен отбасыларға тегін таратуға көшті

Атырауда еріктілер бетперде тігіп, оны жағдайы төмен отбасыларға тегін таратуға көшті. Шағын ателье көтерген бастаманы жұрт қолдаған. Дегенмен кейбір көп балалы отбасылар қарапайым ережелерді сақтауға жағдайымыз көтермейді,-дейді.

Көп балалы ана Айгүл Байғалиева аты жаман аурудың атын атағысы да келмейді. Себебі 4 баласы бірінен соң бірі тұмауратқалы аптадан асты,- деп отыр. Короновирустан қорғанудан бір жолы қолды жуу дегенді естіп, әлсін-әлсін балаларды ваннаға қуатынын айтады. Ол бүгін бір баласын емханаға апарып келген.

Айгүл БАЙҒАЛИЕВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Даладан келгенде қолдарын сабынмен жуып жатырмыз. Алатын масканы ақшам да жоқ.  Екі-үш жерге аптекаға бардық, маска жоқ,- деп жатыр. Балам түнімен ауырып шықты, дәрігерге апарып келдім,  маскасыз. Бір балам ауырса, бірінен кейін біріне жұғып жатыр. 4 балам да жөтеліп ауырып жүр.

Дизайнер Асыл Дүзбаева аймақта иммунитет көтеретін түрлі витамин қабылдамақ түгілі, күнделікті ішер асқа зәру адамдардың бар екенін айтады. Ол халықтың осындай тобы үшін бетперде тігуді қолға алған. Алғашында ою салып, сәндегенмен, сұраныстың көптігінен қазір әдемілікті ысырып қойып, сапасы мен санына назар аударып жатқанын жеткізді.

Асыл ДҮЗБАЕВА, ДИЗАЙНЕР:
 
Мен ойлаймын әрбір адам  қолынан келгенше көмек көрсету керек деп. Менің қолымнан келгені - осы. Егер  медицина жағдайынан қарайтын болсақ, ол жағын нақты айта алмаймын, медицналық маскаларды 2 сағатта ауыстыру керек, ал бұл жерде мата болғандықтан, екі қабат болғандықтан бірнеше сағаттан соң жуып,  өтектеп, кері киюге болады. 


Бетперде шыт матадан екі қабаттап тігілуде. Кеше 50-дей маска таратқан. Бүгін түске дейін осыншасын тігіп үлгеріпті. 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ:
 
Шағын ательеде 2 тігінші жұмыс істейді. Қажетті материалдар, тігін машиналар жеткілікті болғанымен  адам күші керек болып жатыр. Сондықтан  бүгіннен бастап, оларға еріктілер көмекке келуде.

Б. Нәдірқызы