Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жұмыс беруші қызметкердің еңбек құқығын бұзған жағдайда тиісті шаралар қолданылатын болады, - Б. Нұрымбетов

AstanaTV
18.03.2020ж. 20:00
3034
Жұмыс беруші қызметкердің еңбек құқығын бұзған жағдайда тиісті шаралар қолданылатын болады, - Б. Нұрымбетов

Жұмыс беруші қызметкердің еңбек құқығын бұзған жағдайда, тиісті шаралар қолданылады. Бұл тек мемлекеттік қана емес, жеке компанияларға да қатысты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осыны хабарлайды. Яғни,  Сізді қашықтықтан жұмыс істеуге жіберіп, кейін айлығыңызды толық төлемесе немесе ақылы еңбек демалысын алуға мәжбүрлеген жағдайда еңбек инспекциясына шағымдана аласыз. Әлішер Өмірзақ тақырыпты тарқатады.

Президент төтенше жағдай кезінде тығырыққа тірелген шағын және орта бизнес иелеріне қолдау көрсетті. Оларды салықтан босатады, ал несие алып, бизнес бастағандардың қарызын төлеу уақытын шегеруге пәрмен берді. Бірақ қазіргі ахуалды негізге алып жұмыс берушілер қызметкерлерінің еңбек құқығын шектеуге еш құқығы жоқ. Яғни мәжбүлеп демалысқа шығарып, айлығыңызды қысқарта алмайды.

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:
 
Құрметті азаматтар! Егер еңбек құқығыңыз бұзылып жатса тұрғылықты мекен-жайыңыз бойыша мемлекеттік еңбек инспекциясына барыңыз. Тиісті шаралар дереу қабылданатын болады. Қашықтықтан жұмыс істеуге шыққан болсаңыз ол еңбекақыңызға еш әсер етпейді. Бұл мемлекеттік және жеке компания қызметкерлеріне де қатысты.

Қашықтықтан демекші мемлекеттік орган басшыларына жиын-кеңестерді бейнебайланыс арқылы өткізу ұсынылды. Сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы халықты, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты емес тапсырмаларды кейінге шегеруге шақырды.

Анар ЖАЙЫЛҒАНОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Қашықтықтан жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлерді өз қаласынан ешқайда шықпауын сұраймыз. Жауапкершілік танытып, өз міндеттерін толық атқаруы қажет. Тиісті шараларды уақытылы қабылдай отырып азаматтарымыздың қауіпсіздігін және жайлылығын қамтамасыз ете аламыз. 

Айта кетейік, күні кеше Президент қазіргі ахуалды ескере отырып мемлекеттік, квазимемсектор қызметкерлерінің 70%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшіруді көтерді. Ал бүгін түңгі 12-ден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы карантинге жабылады. Бұл коронавирустың таралу шеңберін азайту мақсатында қабылданған шешім.

Ә. Өмірзақ