$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан тұрғыны төтенше жағдай режимін бұзған

AstanaTV
18.03.2020ж. 20:00
2843
Түркістан тұрғыны төтенше жағдай режимін бұзған

Төтенше жағдай режимін бұзған Түркістан тұрғынына айыппұл салынды. Ол той-жиын өткізуге тиым салынғанына қарамастан, көпшілікті жиып, ауласында «Сүндет той» жасаған. Әлеуметтік желіде тараған мына видео 16-наурыз күні түсірілгені белгілі болды. Той иесіне полиция әкімшілік хаттама толтырып, сот 26 мың 510 теңге айыппұл салуға шешім шығарды.

Гүлзат ЖАНЫСБАЕВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ӘКІМШІЛІК СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сот қаулысы заңды күшіне енбеді. Сот азаматты  яғни ҚР Президентінің 15-наурыз 2020 жылғы жарлығымен төтенше жағдайдың жариялануына қарамастан мемлекеттік орган белгілеген режимді бұзған деген тұжырымға келді. 

А. Төребекқызы