Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

"Nur Otan" партиясы карантин жарияланған қалаларға көмек көрсетуде

AstanaTV
19.03.2020ж. 20:00
1867
"Nur Otan" партиясы карантин жарияланған қалаларға көмек көрсетуде

Карантин жарияланған Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына,  "Nur Otan" партиясы тарапынан көмек көрсету жұмыстары басталып кетті. Ардагерлерге, мүгедектерге, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналып жеке санитарлық қорғану жиынтықтары әзірленді. Әлеуметтік бастама "Кедергісіз келешек, "Бақытты отбасы", "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобалары аясында қолға алынған. Айта кетейік, Елбасының тапсырмасымен коронавируспен күреске партия 150 млн. теңге қаржы бөлген еді.

Станислав КАНКУРОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Көмек бірінші кезекте аз қамтылған отабсыларға, ардагерлерге, мүгедектер мен көпбалалық отбасыларға көрсетіледі. Мұндай жағдайда партия мүшелері мен тұрғындар сырт қалуға болмайды. Өйткені, бізге көмек көрсету мақсатында кәсіпорындардан, партия мүшелерінен және қарапайым тұрғындардан көптеген қоңыраулар түсіп жатыр.

Пандемиямен күресуге қолдау көрсетуге ниетті азаматтардың ұсынысы бойынша «Жаңа Алатау» қорының жанынан арнайы есеп шот ашылған. Көпшіліктен жиналатын қайырымдылық осы қор арқылы жүзеге асырылмақ.

«ЖАҢА АЛАТАУ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ
СТН 600300567791
БСН 080740011034
ЖСК №KZ826010131000165601
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
БСК HSBKKZKX
КБЕ 18 ТТК 119
Телефон: 8 (727) 396-74-20
Басшы: Балабеков Айдар Буйтагалиевич ЖСН 710315301396


 А.Кемелжан