Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Тобыл өңірінде 99 елді-мекенді су басу қаупі бар

AstanaTV
19.03.2020ж. 20:00
2113
Тобыл өңірінде 99 елді-мекенді су басу қаупі бар

Тобыл өңірінде қар суынан келер қауіп сейілмей тұр. Тоқсан тоғыз елді-мекенді су басуы мүмкін, - дейді мамандар. Төтенше жағдайлар департаменті өзен-көлдерде мұз жару жұмыстарын жүргізе бастады. Ал мердігер ұйымдар Қостанай көшелерінен қар шығаруды  жалғастырып жатыр. Тасқынға қарсы тосқауыл шаралары жөнінде Заңғар Санай сабақтайды.

Қылың қар биыл коммуналдық шаруашылықтармен қатар жеке сектор тұрғындарын да әбігерге салуда. Александр Качко қардың биіктігі екі метрге дейін дейін жетті,-дейді. Қала тұрғыны қыс бойы ауласын ақ ұлпадан тазартып шыққан. Шаһар билігі де қардан тазарту жұмыстарын әлі жүргізіп жатыр. Алайда...

Александр КАЧКО, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Су жоғары жақтан келеді. Ал көшедегі қалың қарды сол жаққа шығарып жатыр. Енді ол еріген соң қайтадан бізді су басуы мүмкін деген қауіп бар.

Көшедегі қалың қарды сыртқа шығарып жатқан билік өкілдері қаланы су басу қаупінің сейілді деп сендірді. Арықтар мен сайларды тазартқан. Сондықтан сырттан келетін қызыл су, өзенге құйылады деді.

Наурызбай МУСИН, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі таңда қауіп азайды. Оған байланысты күніне 7-8 заявка түседі. Оның барлығын айкөмек арқылы біздің мердігерлерге жеткізу арқылы, біз оларға назар аударамыз. Күні -түні кезек жүргізілуде.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Қала билігі хабарлағандай Қостанайдағы қырықтан астам көшенің қалың қары сыртқа шығарылған. Қалғаны бес-алтау  ғана. Дәл бүгінге дейін шаһар шетіне 900 мың текше метрге жуық ақ ұлпа жеткізілген.


Межелі жұмыс бірнеше мердігер ұйымға жүктелген.Қала сыртынан келетін қар суына төтеп беру үшін инерттік материалдар дайындалып, 6 мыңға жуық қапшыққа құм салынған.Қош,Қостанай қардан тазартылды делік. Десек те кейбір шалғайдағы аудандар әлі ақ ұлпаға көміліп жатқан көрінеді.

Азамат ОРЫМБАЕВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

99 елді мекенге су тасқыны қаупі бар деген елді мекендердің тізімі бар.Қазіргі уақытта өздеріңізге мәлім Қарасу ауданында төтенше жағдай жарияланған болатын.Бүкіл жұмыстар,арнайы техникалар бөлініп жолдар,елді-мекендер тазартылып жатыр.Барлығы бақылауда.


Төтенше жағдайлар департаменті 4 ауданның аумағында мұз жару жұмыстарын аяқтады.Енді үш ауданда жүргізеді.Трансшекаралық өзендердің жағдайы қалыпты.Қостанай аумағындағы су қоймалары 62 пайызға толы.Тасқынға тойтарыс беру шараларына бөлінген қаражат пен инерттік материалдар,жанар-жағар май жеткілікті дейді,- департамент өкілдері.

З. Санай