Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Коронавирус індеті Қарағандыға да жетті, - ҚР ДСМ

AstanaTV
20.03.2020ж. 20:00
2647
Коронавирус індеті Қарағандыға да жетті, - ҚР ДСМ

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49-ға жетті. Бұл денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратты. Дерт Қарағандыға да жетті. Қазақстанға 4 мемлекет гумманитарлық көмек көрсетуге ниет білдірген. Кейбір ақпарат көздері елде өлім дерегі тіркелгенін хабарлады. Ол қаншалықты рас? Асылбек Данияр анықтап көрді.

Аты жаман кеселді жұқтырғандардың қатары тағы 5 адаммен толықты. Олар Франция, Германия, Украина сынды елдерден ұшып келген. Дәрігерлер науқастарды  бақылауға алған. Диас Ахметшәріптің айтуынша, вирусқа шалдыққандардың, дене қызу қалыпты, денсаулығына шағымы жоқ.

Диас АХМЕТШӘРІП, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Коронавирус жұқтырған тағы 5 адам анықталды. Оның екеуі Қарағанды қаласында. Олар: 1972 және 1971 жылы туылған Қазақстан Республикасының азаматтары. Екеуі де 0324 рейсімен Минск-Қарағанды ұшағымен келген болатын. Сол сияқты Алматы қаласы бойынша 3 адам тіркеліп отыр.
 
Кейбір ақпарат көздері "COVID-19" пандемиясының дүниежүзілік кестесін жариялаған. Онда Қазақстанда өлім жағдайы тіркелді деген ақпарат таратқан. Алайда, Премьер-министрдің орынбасары бұл деректерді жоққа шығарды. Осы орайда ресми дәйек көрсететін сайттың іске қосылғанын ескертті. 

Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі әртүрлі фейктерде бүгінде мына өлім шығыны туралы да әртүрлі әңгімелер айтылып жүр. Қазір шегелеп айтқым келеді, Республикада ешқандай өлім жағдайлары бүгінде жоқ.


Коронавирус жұқтырған 2 науқас анықталған Қарағанды облысында әзір карантин жарияланбайтын болды. Денсаулық сақтау басқармасы осылай деді. Олармен бірге ұшақта 65 жолаушы болған. 55-інің қан сараптамасы теріс болғандықтан үй карантиніне жатқызылған. Қалған 10-ы ауруханада. 

Ержан НҰРЛЫБАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Инфекцияның қалаға тарау қаупі жоқ, өйткені олар Қарағанды тұрғындары емес. Сондықтан бүгінде Қарағанды облысында карантин жариялау туралы шешім жоқ.

Қазір ел астанасында 25 науқас емделуде. Сәуле Қисықова олардың денсаулығы қалыпты деді. Науқастармен байланыста болған 244 адам ауруханада, 327-сі үйдегі карантинге алынған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, кеселді тез арада анықтайтын "тестің" әзірленіп жатқанын жеткізді.

Сәуле ҚИСЫҚОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Елордалықтардан коронавирус инфекциясы бар-жоғын анықтау үшін екі аптаның ішінде экспресс-тестілеу әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Қала тұрғындарына мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарға барудан бас тартуын сұраймын.

COVID-19  індетінің өршуіне байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің дағдарыстық Штабы іске қосылды. Олар шет елдердегі қазақстандықтардың жағдайын қадағалап отыр. Министрлік өкілі : қазір әлемнің 73 елінде 300 мыңға жуық қазақстандық бар, соның 1300-дейі елге қайтуға ниет білдіргенін айтты. Олар Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына өзге аймақтарға жеткізіліп, сонда оқшауланбақ.

Шахрат НҰРЫШЕВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

"Эйр Астананың" бір ұшағы бүгін Грузияға ұшады. Грузияда біздің 150-ге жуық азаматтарымыз бар. 148 адамдық ұшақ сол жақтағы азаматтарды әкелуді жоспарлап отыр. Бұл жерде карантиндік талаптар бар. 


Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Корея Респбликасы, Қытай, Жапония және Швецария. Бұл гумманитарлық көмектің ішінде медициналық маскалар, вирустық тестілер, қорғаныс киімі, арнайы жабдықтар бар.  Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі біздің денсаулық министрлігіне шетелдік денсаулық министрліктерімен  тікелей видео байланыс орнатуға көмек көрсетіп жатыр.

Айта кетсем, Білім және Ғылым министірлігі тапсырмасымен отандық ғалымдар COVID-19-ға қарсы вакцина жасап шықпақ. «Ол үшін біздің институттарда заманауй технология және қажетті тәжірибе бар», деп жазды coronavirus2020.kz сайты.

А. Данияр