Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Президенттің #BizBirgemiz ұранын елге танымал азаматтар да қолдады

AstanaTV
20.03.2020ж. 20:00
3649
Президенттің #BizBirgemiz ұранын елге танымал азаматтар да қолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған "Біз біргеміз" ұранын, танымал азаматтарда қолдады. Білікті саясаткерлер, белгілі қоғам қайраткерлері және өнер жұлдыздары халықты сабырға шақырады. Олар ортақ тәртіпке бағыну баршамызға қойылған талап, әрі ол - Сіз бен біз үшін жасалып жатқанына тоқталады.

Бағлан ӘБДІРАЙМОВ, ӘНШІ:

Мынау әлем бойынша болып жатқан індеттен баршамызды Алла сақтасын. Мемлекет басшылары берген тапсырманы орындап. Үйде отырып бәріміз бірге осы азғантай індеттен құтылуға Алла нәсіп етсін.


Асхат ТАРҒЫН, ӘНШІ:

Елдегі осындай келеңсіз жағдайға байланысты барлығыңызды сабырға шақырамын. Дүрлікпеңіздер. Отбасыларыңыздың жанында көбірек болыңыздар. Үйден шықпауға кеңес беремін.

Айдар ТҰРҒАНБЕК, ӘНШІ:

Бүкіл әлемге сынақ болып келген мынау короновирус ауруы бұл да өтпелі. Өтпелі нәрсе. Алла қаласа бұдан да өтеміз. Ең бастысы бұдан қалай өтеміз. Пайдалы тұстарын тауып. Өзімізге көңіл бөліп, үйде кітап оқып, бала-шағамыздың қасында болып пайдалы түрде өткізейік.

Бұл акцияны белгілі әнші Ибраһим Ескендір - "Еңсең түспесін, Алашым! атты әнімен қолдады. Сын сағатта бірлікте болсақ, бұл қиындықты да еңсереміз дейді әнші.

Д. Мұхаммедкәрім