Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Үш күнде Қазақстанға шекарада қалып қойған 1300-ден астам турист шұғыл қайтарылды

AstanaTV
20.03.2020ж. 20:00
2132
Үш күнде Қазақстанға шекарада қалып қойған 1300-ден астам турист шұғыл қайтарылды

6 мың қазақстандық турист, елге қайта алмай жүр. Оған себеп рейстердің тоқтатылуы мен қалалардың карантинге жабылуы. Шұғыл арада тек мыңнан астамын елге қайтару мүмкін болды. Жалпы шетел әуежайларында таңын атыруға мәжбүр, біздің ғана отандастарымыз емес. Толығырақ, Әлішер Өмірзақ баяндайды.

Үш күнде Қазақстанға шекарада қалып қойған 1300-ден астам турист шұғыл қайтарылды. Жалпы демалып немесе жұмыс істеймін деп шетел асқандардың саны 6 мыңға жуықтайды. Бұл туралы арнамызға сұхбат берген «Туристік Қамқор» қауымдастығының басшысы Инна Рей айтты.

Инна РЕЙ, «ТУРИСТІК ҚАМҚОР» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл мәселеде үлкен қиындықтар бар. Алдымен ұшақтың көкке көтерілуін шектеді. Содан кейін қала жабыла бастады. Одан кейін тұрақты рейстер қатынауын тоқтатты. Жолаушыларды шетелде қалдырып кетіп жатты. Осының барлығы үлкен проблемаға ұласты. Енді шешімін табу жолында еңбек етіп жатырмыз. Жақынарада осы адамдардың барлығы Қазақстанда қайтарылады.

Қытай індетпен күресудің тиімді жолын тауып, ауруханаларының біразын жапты. Бірақ өзге елдерде коронавирус жұқтырғандар күн сайын тіркеліп жатыр. Мәселен Италия вирустан қайтыс болғандардың саны бойынша Аспан асты елінен де асып түсті. Мұнда 3 мыңнан астам азамат көз жұмған. Ел билігі каратин мерзімін ұзартуды жоспарлап отыр. Дегенме, Еуропа елдерінің арасында әлі де карантин жарияламаған мемлекет бар. Ол - Ұлыбритания. Британдық билік 12 аптада эпидемияның беті қайтады деп сенеді. 

Борис ДЖОНСОН, ҰЛЫБРИТАНИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Менің ойымша алдағы 12 аптада жағдай түзеледі. Бірақ нәтиже тікелей ұжымдық шешім мен іс-әрекетке байланысты. Десе де қазір вирус біздің қанша тырысқанымызға қарамастан өз бетімен тарап жатыр.

Премьер-минситр осылай дегенімен ғалымдары эпидемияны тоқтату мүмкін емес, дейді. Англияның бас дәрігері Крис Уитти дертті жұқтырғандар көбейіп, өлім-жітім саны артатынын болжап отыр. 

Крис УИТТИ, АНГЛИЯ ҮКІМЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕҢЕСШІСІ:

Коронавирус жаһандық пандемия болды. Біз Ұлыбританияда оны ұстап тұра аламыз деген ой, содан кейін ол жоғалады деген пікір өте күлкілі. Еуропадағы жүздеген мың адамда вирустың бастапқы белгілері байқалады. Сіз оларды тауып, оқшаулауға болады деп ойлайсыз ба? Бұл мүмкін емес екенін түсіну үшін эпидемиолог болудың да қажеті жоқ.

 
Ал бұл сириялық босқындардың Ливандағы лагері. Адамдарда антисептик тұрмақ қарапайым сабын да тапшы. Бүгін ДДСҰ Сирия, Ливия, Йеменнің билігін вирусқа қатысты ақпаратты жасырып отыр деп айыптады.

Хамда ӘЛ-МОХАМАД, БОСҚЫН:

Олар бізге тек бір сабын ғана берді. Бұл жеткіліксіз ғой. Бетперде мен дезинфекциялауға арналған құралдарды сатып алуға шамамыз келмейді. Біз БҰҰ, әлем бізге назар аударып, көмектесуін сұраймыз.

Коронавирус әлемдік экономиканы да тығырыққа тіреді. Ірі халықаралық компаниялар үлкен шығынға ұшырағанын айтады. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індетті жеңу үшін 20-ға жуық вакцина әзірленіп, кейбірі зертханалық тестілеуден өткізіліп жатқанын хабарлады. Нәтижесі бірнеше апта көлемінде белгілі болады.

Ә. Өмірзақ