Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мамандар Жайық өзеніне келетін су көлемі былтырғыдан үш есе көп болады деп отыр

AstanaTV
20.03.2020ж. 20:00
4062
Мамандар Жайық өзеніне келетін су көлемі былтырғыдан үш есе көп болады деп отыр

Биыл "Жайық" өзені арнасына толуы мүмкін. Мамандар былтырғыдан үш есе көп су келеді деп отыр. Есесіне аймақта балық шаруашылығы қарқын алмақ. "Жайықтың" жайын аймақтағы әріптесім Базаргүл Нәдірқызы жеткізеді.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Былтыр "Жайық" өзеніне келген су мөлшері, ең төменгі көрсеткішке жеткен еді. Бар жоғы 3 жарым млрд текше метр ғана су құйылды. Ал өзенінің орташа көп жылдық су көлемі - 9 жарым млрд текше метр екенін ескерсек, трансшекаралық өзеннің тайыздауы  мамандарды әуре сарсаңға салған болатын.

Ал биыл "Жайық" суы көп жылғы орташа деңгейден 20-30 см биіктеуі мүмкін. Оған Ресей аумағына түскен қар көлемінің нормадан артық болуы себеп. Нәтижесінде Ириклинск су қоймасына келетін су көлемі де артпақ. Осылайша аталған су қоймасы былтырғыдан 3 есе артық су "Жайыққа" жібергелі отыр.

Ғазидолла АЗИДУЛЛИН, СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЙЫҚ-КАСПИЙ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Сәуір айының 19-ы мен 29-ы аралығында 500 метр куб секундына дейін жеткізеді.  Одан кейін қайтадан төменге түседі. 350 180, 60 ,30ға дейін. Бұл былтырғыдан әрине көп болады+үш есе көп болады деп айтуға боадлы.

Ал, Ириклинск су қоймасынан жіберілетін судың көлемін де тараптар молайтуды жоспарлап отыр. Аталмыш қойманың сыйымдылық көлемі - 3,2 млрд текше метр. Биыл мұнда екі млрд текше метрден астам су келмек. Сондықтан ресейлік тарап келетін суды ұстап қалу үшін су қоймасын қажетті деңгейге дейін босатуда.

Екі елдің су қызметкерлерінің арасындағы келісім Росгидромет болжамына негізделген. "Жайық" өзенінің Атырау қаласы бойынша деңгейі 455 см-ден 480 см дейін көтерілмек.  Өзен арнасына толса, экологиялық жағдайы жақсарып, аймақтағы балық шаруашылығының жаңа қарқын алуына сеп болады,- дейді мамандар.

Б. Нәдірқызы