Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Nur Otan» партиясы қолға алған «Біз біргеміз!» акциясы жер-жерде жалғасып жатыр

AstanaTV
26.03.2020ж. 20:00
3511
«Nur Otan» партиясы қолға алған «Біз біргеміз!» акциясы жер-жерде жалғасып жатыр

«Nur Otan» партиясы қолға алған «Біз біргеміз!» акциясы, ел аумағында жалғасып жатыр. Бас партияның Алматы, Шымкент, Тараз филиалдарының белсенділері мен еріктілер мерекелік демалыс күндері де ҰОС және жалғызбасты тыл ардагерлері мен аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті. Барлығына азық-түліктер мен санитарлық қорғану жиынтықтары тегін үлестірілді.

Алматыдағы мыңнан астам соғыс ардагері мен жалғызбасты қарияларға арнайы жабдықтар салынған себеттер таратылды. Аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарда ұмыт қалған жоқ. Шараға негізінен ерікті жастар ат салысуда. Олар басты қағида, яғни ара қашықтықты сақтау қажет екенін жақсы түсінеді.  

Николай РЕЗНИКОВ, ЕРІКТІ:

Көп адамдар қарапайым бетперденің өзіне қол жеткізе алмай отыр. Ал мына жиынтықта қажеттінің бәрі бар. Қазір әрбір адам елімізде болып жатқан жағдайларға немқұрайлы қарамауы керек. Біз осы сәтте біртұтас халық болуымыз қажет.

Аталған акция Шымкентте де жалғасуда. Партия белсенділері бүгінге дейін шаһардағы бес жүздей отбасына көмек беріп үлгеріпті. Елдің әл-ауқатын көтеру мақсатында ұйымдастырылған шараға, кәсіпкерлер де жұмылдырылған. Жомарт жандар «Шымкент - қайырымды қала» әлеуметтік қорына қаражат аударуда.

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ қ.ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

15-сәуірге дейін біз күнделікті 100 отбасыдан қамтитын боламыз. Қазіргі бізде нақты тізімде мың отбасы тұр. Одан бөлек біздің ойымыз алдағы уақытта мынау дәрігерлерге, соның ішіндегі кіші медперсонал дейді ғой санитар және медсестралар жалақысы көп емес, соларға да көмек қол ұшын береміз деген ой бар.

Ал Тараздағы акция аясында аймақтағы әлеуметтік көмекке мұқтаж 45 отбасыға азық-түлік жеткізілді. Сондай-ақ, тұрғындарға жұқпалы індеттен сақтану үшін қауіпсіздік  ережелері жазылған арнайы түсіндірме қағаздарын таратылды. Көпбалалы аналар бұл науқан аз да болса, көмек екенін жасырмайды.

Мәрзия ҚҰЛМЕТОВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Дәріханалардан маска таппай жатырмыз. Нұр Отаннан бізге көмектер беріліп жатыр рахмет! Қай сауда орнына барсаң да кезек күтеміз. Қымбатшылық оның үстіне. Сіздерге рахмет үйстіп көмек көрсетіп жатқандарыңызға. Мен көп балалы анамыз 7 бала тәрбиелеп өсіріп жатырмын.

Алдағы уақытта аталған акция аясында өңірдегі 500-ден астам отбасыға көмек көрсету жоспарланып отыр. Айта кетейік, бұл игі бастама елде төтенше жағдай аяқталғанша жалғаса бермек.  Елбасының тапсырмасымен аталған шараға партия 150 млн теңге қаржы бөлген болатын.

Б. Жұмабайұлы