Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елордалық сауда орталықтарында тегін маска таратылды

AstanaTV
26.03.2020ж. 20:00
2513
Елордалық сауда орталықтарында тегін маска таратылды

Нұр-Сұлтанда 30 мыңға жуық медициналық маска тегін таратылып жатыр. Мұндай науқан шаһардағы сауда орталықтары мен адам көп жүретін қоғамдық орындарды қамтуда. Оған қала әкімдігі мен отандық өндірушілер қолдау көрсетіпті. Дәл осындай акция бүгін Шымкент қаласында да өткізілген. Медициналық масканың 60 мың данасын бір күннің ішінде екі қалаға да үлестіруді жоспарлаған. Алдағы уақытта бұл бастама Алматы қаласында да қолға алынбақ.

Дәулет КӘРІБЕК, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бір адам басына 5 маскадан беріледі. Және оларға екінші рет алуға болмайды. Қазіргі таңда, бізде қала бойынша нақты 24/7 жұмыс жасап жатқан 200 волонтеріміз бар.

А. Мүтәлі