$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Nur Otan» фракциясы Президенттің дағдарысқа қарсы шараларын қолдайды,-Н.Нығматулин

AstanaTV
26.03.2020ж. 20:00
2172
«Nur Otan» фракциясы Президенттің дағдарысқа қарсы шараларын қолдайды,-Н.Нығматулин

Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай кезінде елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету және коронавирусқа қарсы жасап жатқан әрекеттерін қолдайды  Мұны төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулин, бүгін фракция депутаттары атынан жеткізді. Мәжіліс төрағасы өз сөзінде Мемлекет басшысының бастамасын, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевта қолдап,    қабылданып жатқан шаралар уақтылы және дағдарыстық жағдайға жауап беретінін атап өткеніне тоқталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, COVID-19 індетімен күрес мақсатында бірнеше қызметтерді нақтылаған. Соның бірі, дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы пакетін 4,4 трлн теңгеге жеткізу. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы жоспарды қаржыландырудың тетіктерін және қаржыландыру көздерін айқындады.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ең басты мақсат әлеуметтік тұрақтылық. Барлық мемлекеттік органдардың міндеті белгіленген мақсаттарға жету үшін нақты және үйлесімді жұмыс атқару. Мәжілістегі «Nur Otan» партиясының Фракциясы елдің дағдарыстан кейінгі даму жоспарын іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Қажетті заңнаманың бәрі «Nur Otan» партиясы фракциясына мүше, депутаттардың негізгі жұмысының бірі.


Д. Мұхаммедкәрім