Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырауда карантиннен шыққан басқа аймақ тұрғындары үйлеріне қалай жетеді?

AstanaTV
31.03.2020ж. 20:00
2822
Атырауда карантиннен шыққан басқа аймақ тұрғындары үйлеріне қалай жетеді?

Атырауда карантинде жатқан өзге аймақ тұрғындары стационардан шыққан соң, үйлеріне қалай жететіндерін білмей дал. 18 наурыз күні "Амстердам-Атырау" ұшағынан түскен 15 шақты жолаушыдан, COVID-19 анықталмаған. Енді оларды дәрігерлер бірер күнде шығармақшы. Қалалар карантинге жабылғандықтан олар жергілікті әкімдіктен көмек сұрайды. Шеттен келіп, үйіне жете алмай жүргендермен атыраулық тілшіміз тілдесті.

18 наурыз күні "Амстердам-Атырау" рейсінен түскен жолаушылар, мына облыстық туберкулезге қарсы балалар диспансерінде карантинде жатыр. Араларында Германия, Испания, Кореядан келгендері бар. Жолаушылардың бірі Айнұрдың айтуынша, дәрігерлер бірнеше рет сынама алып, қауіпті вирустың жоқ екендігін анықтапты. Енді олар бүгін-ертең босатылмақ. Бірақ қалалардың жабылуына байланысты өз үйлеріне қалай жететіндерін білмей дал.
 
Айнұр, ЖОЛАУШЫ:
 
Қазір біз мына жақтан 10-15 шақты адам. Амстердамнан, Испаниядан келген адамдар осында  жатыр. Барлығының анализі  отрицательный. Енді ешкім қалалар жабық болғандықтан ешқайсысымыз үйімізге жете алмай отырмыз.

Дәрігерлер диспансерден шығарғанымен, Атырауда баратын жеріміз жоқ деп отыр. Облыстық әкімдік бұл жағдайдан хабардар. Алайда шетелген келгендердің өз мекен-жайларына жету жауапкершілігі өз мойындарында ,- дейді.

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Ешқандай инфекция анықталмағандығы туралы анықтама беріледі. Осы анықтама арқылы ешбір кедергісіз өте алады. Ар жақтан машина шақырту мүмкін өздерін алып кететін. Болмаса мына жақтан такси жалдап кетуі мүмкін.

Айта кетейік, қазір Атырау қаласындағы провизорда 31 адам жатыр. Соңғы мәлемет бойынша, өңірде қауіпті індетті жұқтырғандар саны -13. Олармен байланысқан 100-ден аса адам анықталды.  Оларды оқшаулау үшін қала маңынан 480 пәтерлік екі тоғыз қабатты үй дайындалған.

 Б. Нәдірқызы