Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Біз біргеміз!» акциясы Павлодар мен Қарағандыда да жалғасты

AstanaTV
03.04.2020ж. 20:00
2867
«Біз біргеміз!» акциясы Павлодар мен Қарағандыда да жалғасты

Қарағандыда «Біз біргеміз!» акциясы аясында жалғыз қалған қарттарды ыстық тамақпен қамту қолға алына бастады. Бүгін 50 қария түскі аспен қамтылған. Ыстық тамақты арнайы қорғаныш киім киген адамдар қарттардың үйіне апарып берді. Барлық тағамдар табиғи өнімдерден, қолдан әзіргенген. Еріктілер бұған дейін мыңнан әлеуеті төмен отбасына азық-түлік себеті мен қорғаныш құралдарын жеткізген еді. 

Ержан ХАМИТОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ «JAS OTAN» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Алғашқы кезекте қажетті тұрмыстық тауарлар мен медициналық маскалармен қамтамасыз еттік. Осы ТЖ аяқталғанға шейін жалғасын табатын болады. Бізге қазір кәсіпкерлер, «Nur Otan» партиясының депутаттары, партияның белсенді мүшелері көмек көрсетіп жатыр. 

Ал, Павлодар облысында дәл осындай қамқорлық 1000-нан астам отбасына жасалған. Шараны белсенді жастардан жасақталған еріктілер «есіктен -есікке» қағидаты бойынша жүргізді. Көмекке ие болғандардың ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылар мен зейнеткерлер бар.

Ғабит ХАФИЗ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ "JAS OTAN" ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Өте қажет етіп тұрған көмекке 1-2 топтағы ерекше күтімді қажет ететін жанағы адамдарымыз бар. Осы топтарға көмек көрсетілді. Республика бойынша 20 мыңнан астам көмек алынды қазіргі таңда.

Ө. Қуанар