Мемлекет басшысы жұмыс
сапарымен Ақтөбе облысына барды. Өңірдегі бірнеше әлеуметтік-мәдени нысандарды
аралап, ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Елбасы аялдаған алғашқы нысанның
бірі - Ақтөбе ферроқорытпа зауыты. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 440 мың
тонна өнім шығаруға жетеді. Зауытта 4 балқыту цехы жұмыс істеп тұр. Кәсіпорын
басшылығының айтуынша, өнім негізінен Қытай, Еуропа елдері мен АҚШ-қа
экспортталады.
"Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" мемлекеттік
индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған. Рельстер
жоғары жылдамдықтағы магистральдерге арналады. Қазір өнімдері алыс-жақын
шетелдерге шығарыла бастады. Негізгі тұтынушы елдер қатарында Өзбекстан,
Әзербайжан және Түркменстан мемлекеттері бар. Нұрсұлтан Назарбаев жұмысшылармен
кездесіп, қызметкерлер мен жалпы ақтөбеліктерге
сәттілік тіледі.