Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақтөбеге барды

AstanaTV
04.10.2017ж. 20:00
2264
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақтөбеге барды

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды. Өңірдегі бірнеше әлеуметтік-мәдени нысандарды аралап, ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Елбасы аялдаған алғашқы нысанның бірі - Ақтөбе ферроқорытпа зауыты. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 440 мың тонна өнім шығаруға жетеді. Зауытта 4 балқыту цехы жұмыс істеп тұр. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, өнім негізінен Қытай, Еуропа елдері мен АҚШ-қа экспортталады.

"Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған. Рельстер жоғары жылдамдықтағы магистральдерге арналады. Қазір өнімдері алыс-жақын шетелдерге шығарыла бастады. Негізгі тұтынушы елдер қатарында Өзбекстан, Әзербайжан және Түркменстан мемлекеттері бар. Нұрсұлтан Назарбаев жұмысшылармен кездесіп, қызметкерлер мен жалпы ақтөбеліктерге  сәттілік тіледі.