Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Астана су арнасы» мекемесі сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің назарына ілікті

AstanaTV
03.04.2020ж. 20:00
3768
«Астана су арнасы» мекемесі сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің назарына ілікті

«Астана су арнасы» коммуналды мекемесі, су сорғы құрылыларын 1,5 млрд теңгеге сатып алмақ болған. Мекеме жариялаған сатып алу байқауын астаналық сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы тоқтатты. Келтірілген деректерге қарағанда «Астана су арнасы» су сорғы құрылғыларын тиісті сомадан әлдеқайда қымбат бағаға алмақ болыпты.  Байқауды мекеме, «бірыңғай сатып алу терезесі» веб-порталына орналастырған.

Диас ҚОЗЫБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ ОФИЦЕРІ:

10-нан астам насос алынатын болған. Әрқайсысы 128 млннан болуы керек қателеспесем. Жалпы саны 1 млрд 400 мыңнан астам бағадағы насос бағасы. Бұл жерде тәртіптік жаза болуы мүмкін. Себебі ол жоспарлау кезінде анықталған қателіктер. Қылмыстық болар еді егер сатып алу өткен болғанда.

Д. Мұхаммедкәрім