Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Біз біргеміз" акциясына отандық өнер иелері де ат салысты

AstanaTV
07.04.2020ж. 20:00
1972
"Біз біргеміз" акциясына отандық өнер иелері де ат салысты

Өнер иелері де көмекке зәру отбасыларға қол ұшын созуда. Қазақ эстрадасының өнерпаздары қолға алған қайырымдылық шара Алатау мен Наурызбай аудандарынан басталды. Олар қос аудандағы мыңнан аса отбасыға жәрдем бермекші. Қайырымды істің басында сазгер Арман Дүйсенов, әншілер Толқын Забирова, Индира Елемес бар. Өнер иелері өз қаражатына азық-түлік себеті мен санитарлық жиынтық сатып алған. Ал оны жеткізуге нұротандықтар ат салысуда.

Арман ДҮЙСЕНОВ, САЗГЕР:


Осы елдің арқасында өсіп, өніп, көгеріп отырған жәйіміз бар ғой. Бейбітшілік заманда әрқайсымыз осы елдің суын ішіп, осы елдің нанын жеп жүрген адамдармыз. Осындай күн туған кезде қалай қарап қаламыз. Сондықтан да біз өзіміздің кішкентай болса да қолымыздан келер үлесімізді қоспақ ниетпенен бүгін осынау шараны ұйымдастырып тұрмыз.


А. Кемелжан