Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қостанай облысында үш қала электр желісінен ажырап қалды

AstanaTV
07.04.2020ж. 20:00
2607
Қостанай облысында үш қала электр желісінен ажырап қалды

Солтүстік аймақтарға бүгін қалың қар түсіп, қатты бұрқасын соқты. Қостанай, Рудный, Лисаковск қалалары және Әулиекөл, Беймбет Майлин аудандары электр желісінен ажырап қалған. Синоптиктер қалың қар осы күні Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облысының кей аймақтарына жауғанын хабарлайды. Тосын ауа райы, елді әбігерге салуда. Көктем қашан келеді? Бұл сауалға тілшіміз жауап іздеді.

Синопктиктердің айтуынша, Қостанай облысына бүгін қардың 1 айлық көлемі түскен. Қалың қардан қалада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтап, қалаға кіріп-шығатын күре жолдар жабылды. Қар бұл күні Қостанаймен бірге Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына да түсті. Мұндай видео әлеуметтік желіде шаш етектен.

Қостанай облысында соққан бұрқасынның күштілігі соншалық,  талдар тамырымен жұлынып жатыр. Жітіқара ауданында мектептің шатырын ұшырып кеткен. Бұл ақпараттың шын өтірігін біздің Қостанайдағы меншікті тілшіміз Заңғар Санай анықтап көрді.

Заңғар САНАЙ, МЕНШІКТІ ТІЛШІ:

Әлеуметтік желіге жүктелген суретті Жітіқара білім бөлімінің басшысы Майра Бимағамбетова телефон арқылы растады. Ескі мектептің шатыры 2 жыл бұрын жөндеуден өткен. 5 млн теңге жұмсалған екен. Келісім-шарт бойынша кепіл мерзімі біткен екен алайда мердігердің үстінен шағым түсірмек...

Талдар мен электр бағаналары құлап жатқаны туралы шағым көп. 102-ге қоңырау соққандар сондай ақ жолдағы жарнама билбордтары қирап жатқанын және кейбір ғимараттардың қаптамалары ұшып түскенін хабарлауда. Облыстық полиция департаменті, күн-райы қолайсыздығына байланысты тұрғындардың үйден шықпауға кеңес береді.

Асқар РАДЖАН, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Осыған орай ресми ақпарат құралдарын қарау қажет. Қандайда бір көмек болған жағдайда 102 номеріне хабарласыңыз.

Облыстағы барлық полиция бөлімдері осы күнде күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен. Ауа райын болжаушыларда көңіл көншітпейді. ҚазГидромет мұндай ауа-райы сәуірдің 10-на дейін жалғасуы мүмкін деп отыр.

Алуа САХАНОВА, "ҚАЗГИРДОМЕТ" РМКК АУА-РАЙЫН ҚЫСҚА МЕРЗІМГЕ БОЛЖАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ертең Қостанай облысы бойынша тұрақсыз ауа-райы сақталады. Тұман түсім бұрқасын соғады. Көк тайғақ болады. Түнде 3-8 градус аяз, күндіз 2 градус аяз кей жердерде 8 градус жылы болады.

Синоптиктер күн райының қолайсыздығы алдағы күндері оңтүстік аймақтарда да байқалады деп отыр. Осы аптада Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарына жаңбыр жауып арты қарға ұласады деп болжайды.

Д. Мұхаммедкәрім, З. Санай