$498.51 €522.84 ₽4.81
×

42 мың 500 теңгені 1 милиион 800 мың қазақстандық алып үлгерді

AstanaTV
13.04.2020ж. 20:00
2578
42 мың 500 теңгені 1 милиион 800 мың қазақстандық алып үлгерді

42 мың 500 теңгені 1 милиион 800 мың қазақстандық алып үлгерді. Оған 75 миллиард 600 миллион теңге жұмсалған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. Сондай-ақ, министр отбасының екі-үш мүшесі бірдей әлеуметтік төлем ала алатынын жеткізді. Бастысы, талаптарға сай келсе болғаны, деді. Ал үш күн өтсе де тағайындалған төлемнің, есеп-шотттарға  әлі күнге түспей жатқанын былай түсіндірді. 

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Мен бір апта бұрын бергенмін», 4-5 күн өтіп кетті» дегендер көп. Бұл ретте мен сіздердің алдарыңызда министр ретінде кешірім сұраймын. Біз осы күндері үлгермедік. Оның бірнеше себебін түсіндіріп кетейін. Біріншіден, біз өзімізге 3 күн белгіледік. Бірақ, одан да көбірек уақыт қажет еді. 42 500 теңге бюджеттен емес, мемлекеттік сақтандыру қорынан төленеді. Ол бөлек мекеме. Банктерге ақша "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы арқылы жіберіледі. Ал банктер азаматтардың есеп-шотына аударады.

Министр бұдан өзге де жұмысқа кедергі келтіріп отарған жайттарды жария етті. 60 мыңнан артық өтініштің жеке сәйкестердіру нөмірлерінде қателік кеткен. 1 миллион 200 мың өтініш бір емес бірнеше мәрте жіберілген. Тіпті банк шоттарында дұрыс толтырмағандары да кездесіпті. Олардың саны 83 мыңнан асады, деді.

Ә. Өмірзақ