Негізгі / Жаңалықтар / Ақтөбеде блок-бекеттен заңсыз адам алып өтпек болғандар ұсталды

Ақтөбеде блок-бекеттен заңсыз адам алып өтпек болғандар ұсталды

Ақтөбеде төрт жолаушыны блок-бекеттен заңсыз алып өтпек болған, көлік жүргізушісі ұсталды. Қаладан Қобда ауданына шығатын блок- бекетте, «Хонда-Элюзион» көлігі тоқтатылған. Тексеріс кезінде көлік ішінде жүргізушіден  бөлек, рұқсат қағазы жоқ төрт жолаушы анықталды. Көлік тізгініндегі жолаушы Орал қаласына дәрі- дәрмек тасумен айналысатын фармацевтика компаниясының өкілі екені расталды. Ол өзімен бірге Батыс Қазақстан облысына жолаушы жинап, алып өтпек болған. Құйтырқы әрекеті әшкер болғандар төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін, жазаланбақ.

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
 
Төрт жолаушыға ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабы «төтенеше жағдай режимін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 478 бабы «төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттер» бойынша хаттама толтырылып, материалдар шешім қабылдау үшін Ақтөбе қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

Жалпы, облыста төтенше жағдай режимін бұзу дерегімен 386 жағдайы тіркелген. 76 адам қамауға алынып, қырыққа жуық іс сотқа жолданыпты.

Б. Рахметова