Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 2 млн- нан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 2 млн- нан асты

Әлемде коронавирус жұқтырған науқастардың саны 2 млн- нан асты. Негізінен АҚШ-та, 600 мың адам тіркелген. Бұл ел өлім- жітім көрсеткішінен де көш бастап тұр. 23 мыңнан астам америкалық қайтыс болды. Алайда Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо, бұл жағдайға қарамастан Covid-19 эпидемиясының «шарықтау шегінен» шықтық, деп жариялады. Билік өкілдері бірқатар шектеулері болса да қалыпты өмірге оралу жоспарын да құра бастады. Беларусь президенті Александр Лукашенко елде коронавирустан ешқандай өлім тіркелмегенін ресми жариялады. Алайда мұнда COVID-19 вирусын 2 мың 500-ден аса адам жұқтырып, 26- сы қайтыс болғаны жайлы ақпарат тараған еді.

Александр ЛУКАШЕНКО, БЕЛАРУСЬ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ешкім уайымдамай-ақ қойсын. Елімізде коронавирустан ешкім өлмейді. Мен бұл туралы көптің алдында жариялаймын. Өткен жылдарды ғана сараптап отырғам жоқ. Биыл да тәжірибеміз бар. Мен оған кәміл сенем.

Еуропаға келсек карантинді босаңсытып жіберген елдер қатарына Италия мен Испания да қосылды. Олар Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдай ережесінен шығуға асықпау туралы ескертуіне құлақ асар емес. Франция мен Ұлыбритания ғана барлық шектеулерді қатаң ұстануда. Әлемде қауіпті дерттің құрбандары 120 мыңнан асты.

А. Қуаш