«Birgemiz» қоры мамыр айында да қазақстандықтарға әлеуметтік көмек бөледі. Елбасы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен кездесу барысында осылай деді. Нұрсұлтан Назарбаев төтенше жағдай кезінде мемлекет қолға алған шараларды барынша қолдаған саяси ұйымның еңбегін атап өтті. Сонымен қатар, «Birgemiz» қоғамдық қорының жұмысына тоқталып, оның бастамасын қолдаған қазақстандықтарға алғысын білдірді. Еріктілердің де жұмысына жоғары баға берді.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл жұмысты одан әрі жалғастыру керек. Мамыр айының басынан бастап азаматтарға көмек көрсетудің екінші толқынын бастаймыз. Бұл Үкімет тарапынан бөлінетін қосымша қолдау.
"Nur Otan" партиясының төрағасы дағдарыстан кейінгі кезеңде экономикалық тұрақтылықты сақтап қалу мәселелеріне де тоқталды. Елбасы бүгінде көптеген адамдар жұмыссыз қалып отырғанын атап өтті. Ол өз қызметін қайта жаңғыртып жатқан бизнестің кейбір түрлеріне жеңілдіктер беру керектігін айтты. Бауыржан Байбек өз кезегінде партияның дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру және Халықты қолдау жөніндегі жұмысы туралы баяндады.
Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Сіз құрған «Birgemiz» қорына қазір 20 млрд-қа жуық ақша түсті. 5 мыңнан астам масканы сол отбасыларға таратамыз. Сосын Алматы, Нұр-Сұлтан қаласының 2 мыңнан астам дәрігерлерге 50 мың теңгеден жібердік. Мамыр айынан бастап, 200 мыңға жуық отбасыға ақша жіберіледі. Сонымен біз санаған кезде әр отбасыда 2-3 бала бар ғой. Сонымен қосқан кезде осы қордан 1 млнға жуық адам 50 мыңтеген жіберілетін болады.
А. Мүтәлі