Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"Nur Otan" партиясы 10 мың дана медициналық бетпердені ауруханаларға жеткізді

AstanaTV
15.04.2020ж. 20:00
2122
"Nur Otan" партиясы 10 мың дана медициналық бетпердені ауруханаларға жеткізді

«Nur Otan» партиясының елордалық филиалы бүгін 10 мың дана медициналық бетпердені ауруханаларға таратты. Бұл маскаларды партияға оңтүстік қазақстандық кәсіпкерлер мен ерікті тұлғалар салып жіберген. Матадан тігілген бетперделерді жуып бірнеше рет пайдалануға болады. Алғашқы партияны ауруханадан бөлек, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына да жеткізді. Енді жақында нұротандықтар бір реттік қолғаптар, медициналық халаттар мен антисептиктерді таратпақшы. Оларды дүкендер мен полиция бекеттеріне және медициналық мекемелерге беруді жоспарлап отыр.

Ерлан КАНАЛИМОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ондай нысандар қала бойынша бізде 2700дей жалпы алғанда. Мен ойлаймын соларға бір үлкен көмек болады деп. Ал, перчаткаларды біз қалалық штабқа береміз. Ол мынау шыға берістегі блокбекеттеріне таратылатын болады.

Д. Мұхаммедкәрім