Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Түркістандық полицейлер кәмелетке толмаған қызды сатқан күдіктіні ұстады

AstanaTV
16.04.2020ж. 20:00
2522
Түркістандық полицейлер кәмелетке толмаған қызды сатқан күдіктіні ұстады

Түркістан облысында кәмелет жасына толмаған қызды саудаға салған. Жеңгетай жас қыздың жыныстық қызмет көрсету құнын да белгілеп қойыпты. Хабарлама бойынша шұғыл іске кіріскен криминалдық полицейлер, 25 жастағы азаматшаны Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы қонақ үйлердің бірінде, сауда үстінде ұстады. Полиция қызметкерлері күдіктіден айғақты зат ретінде миллион теңге ақшаны тәркілеп алды. Кәмелет жасына толмаған қыз болса, Шымкент қаласының тұрғыны, әрі студент екені анықталып отыр. Бірақ оның жеңгетаймен туыстық байланысы бар ма, жоқ па ол жағы әзірге белгісіз. 

Сұлтанбек ҮСІПБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК 134 бабы «кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту» бойынша қылмыстық іс қозғалып, аталған азаматша өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда қамауға алынды. 


Тергеу кезінде күдіктінің бұрын да осы жас қызды бірнеше рет жыныстық қызмет көрсету үшін ұсынғаны анықталыпты. Ол жеңгетайлық келіссөздерді телефон арқылы жүргізіп, клиенттерге кәмелетке толмаған қыздың суретін жіберіп жүрген.

А. Төребекқызы