Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Елордада күніне 100 мың медициналық маска тігетін цех ашылды

AstanaTV
17.04.2020ж. 20:00
2461
Елордада күніне 100 мың медициналық маска тігетін цех ашылды

Елордада күніне 100 мың медициналық маска тігетін цех ашылды. Бұл кәсіпорын бұрындары ұялы телефонға және көлікке қажетті бұйымдар әзірлеумен айналысқан. Карантин кезінде жұмысы уақытша тоқтағандықтан, елдегі басты қажеттілікті қамтуға бет бұрған. Жобаға Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қолдау білдіріп отыр.

Ербол АГИБАЕВ:

Карантин уақытында маска тігуге көмектесіп жатырмыз. -бұған дейін маска тігіп көріп па едіңіз. Хабарыңыз бар ма? - Тігіп көрдік. Бірақ ондай объем болған жоқ.

Жоба жетекшісі технолог, тігінші және дәрігер мамандарды шұғыл түрде жасақтап, 4-5 күнде маска тігуге үйреткен. Ол үшін арнайы қондырғылар сатып алған. Қазір бір ауысымда 40 адамға дейін еңбек етеді. Айтуларынша, мұнда барлық санитарлық талаптар сақталған. Кірген-шыққанның бірін қалдырмай, толық дезинфекциялайды. «Біз үшін қызметкерлердің денсаулығы бірінші орында», дейді кәсіпорын басшылығы.

Гүлнар АҚАНОВА, ДӘРІГЕР: 
 
Күн сайын жұмысшыларымыздың дене температурасын тексереміз. Ауаны жиі тазартып, әр 2 сағат еденді жуамыз. Әр цехта 2-3 адамнан артық отырмауын да қадағалаймыз.
 
Цех жұмысын бастағалы екі апта болды. Осы аралықта 300 мыңға жуық медициналық бетперде тігіп үлгерген. Бір айда 3 миллион маска жасауға да қауқарлы. Серіктестік басшылығы оған қажетті шикізат жеткілікті, дейді. Қазір тек дәріханаларға сату жолын қарастыруда.

Әділхан АХМЕТОВ, ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Бүгінгі таңда біздің компаниямыз жергілікті әкімдікпен атсалыса отырып, келісім-шарт қойылды. Меморандум. Осы жергілікті халыққа аптекалар арқылы маска таратуға дайындалып отырмыз.

Бұл бір реттік медициналық маскалар. Талапқа сай 3 қабаттан тігіледі. Құны 118 теңгеден аспайды. Шағын мекеме "Birgemiz" қорымен бірлесе отырып, халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғаныш материалымен тегін қамтамасыз етуді көздеп отыр. 

А. Мүтәлі