Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Birgemiz» қорына тағы 10 млн АҚШ доллары түсті

AstanaTV
20.04.2020ж. 20:00
2942
«Birgemiz» қорына тағы 10 млн АҚШ доллары түсті

 Бүгін «Birgemiz» қоғамдық қорына 10 млн АҚШ доллар көлемінде қаржы түсті. Қомақты қаражатты бұл жолы «Казцинк» серіктесітігі аударыпты. Осылайша, Елбасының бастамасымен құрылған қайырымдылық жоба, отандық кәсіпкерлерден қолдау тауып отыр. Бұл туралы аталған қордың Фейсбуктағы парақшасында жарияланды. Қысылтаяң кезде жомарттық танытқан компанияға қор басшылығы ерекше алғысын білдірді. Сонымен қатар, бұл қаражат мұқтаж жандарға атаулы көмек ретінде берілетінін жеткізді. Айта кетсем, Тұңғыш Президент өткен аптада ғана әлеуметтік жағдайы төмен 150 мың адамға 50 мың теңге көлеміндегі көмек қайта көрсетілетінін айтқан еді.

А. Мүтәлі