Карантинге жабылған Қызылордада, көше кезекшілігінде жүрген жасақ, тұрғындарды өрттен аман алып қалды. Тәуелсіздік даңғылығындағы көпқабатты тұрғын үйдің балконынан шыққан түтінді байқаған полиция инспекторы мен екі сарбаз, тұрғындарға хабар беріп оларды сыртқа шығарған. Өрт сөндірушілер жеткенше тілсіз жауды сөндіруге бел шеше кірісіпті. Жылдам әркеттің арқасында адамдар да, пәтерде дін аман. Қазір мән-жайларды анықтау үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылған.
Манарбек ЕСЖАНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПД КАДР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жедел шешім қабылдауының арқасында өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Мән-жайларды анықтау үшін оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайлары анықталуда.Үй тұрғындары болса, ойланбастан көмекке келіп, оларды аман алып қалған тәртіп сақшылары мен сарбаздарға алғыстарын жаудырды.
Ш. Сактапова