$494.87 €520.65 ₽4.91
×

WTI мұнайы бағасының құлдырауы рекордтық көрсеткішке жетті

AstanaTV
21.04.2020ж. 20:00
2590
WTI мұнайы бағасының құлдырауы рекордтық көрсеткішке жетті

WTI маркалы мұнай бағасы күрт төмендеп кетті. Қазір қара алтынның баррелі 1 доллардан сәл асады. Сарапшылардың паймынша  тарихта алғаш рет мұнай бағасы төмендеп ғана қоймай, құрдымға кетті. Себебі өндірушілер мұнайды сатып алушыларға қосымша ақы төлеуге мәжбүр болды. Бүкіл әлем экономистері қара алтын нарығын әрі қарай не күтіп тұрғанына алаңдап отыр. Тақырыпты толығырақ тілшіміз жалғастырады.

Қара алтынды тұтынушыларға тегін беру, тіпті ол үшін қосымша сыйақы төлеу тарихта болмаған жағдай. Бірнеше сағаттан кейін баға көтеріле бастады. Осыдан соң өндіруші компаниялар тауарды сата бастады. Баррельіне шамамен 160 литрге 40 доллар сұрады.  Әрине қазір ахуал реттеле бастады.

Эндрю ЛЕБОУ, «COMMODITY RESEARCH GROUP» АҒА СЕРІКТЕСІ:

Бүгін Чикаго және Нью-Йорк биржаларында тарихи күн. Баға минус 35, минус 40 долларға дейін төмендеді. Шикі мұнай ешқашан былай төмендеген емес.

Нарық мұнайға қанықты деп айтуға әлі ерте. Коронавирусқа байланысты бүкіл әлем зауыттары мен фабрикалары тоқтап қалған, көліктер жүрмейді, ұшақтар ұшпайды. Демек сұраныс та жоқ. Ал өндіріс тоқтаған емес. АҚШ-тың барлық мұнай қоймалары шикізатқа толып қалған. Бірақ Дональд Трамп бұған алаңдамайды. 

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мұның бәрі ұзаққа созылмайды. Басты мәселе қазір қозғалыстың шектелуінде болып отыр. Көптеген адамдар ыңғайсыз жағдайға тап болды. Бірақ мен бір айдың ішінде баға барреліне 25-28 долларға дейін өседі деп сенемін. Әзірге мұнай сатып алу үшін таптырмас мүмкіндік туып отыр.

Сарапшылар да ақ үй басшысының пікірімен келіседі. Олардың ойынша, бұл уақытша құбылыс. Алдағы бірнеше айда баға қайта көтеріледі деп отыр.
 
Пол КРИСТОФЕР, ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАЛДАУШЫ:

Егер мұнай фьючерстерінің бағасын шілде және тамыз айларында қарайтын болсақ, олардың құны қазіргі бағадан әлдеқайда жоғары. Бұл нарық ағымдағы жағдайды сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі ретінде қарастыратынын білдіреді.

Экономистер мамыр айында бағаның тұрақталатынын болжап отыр. Дәл осы айда ОПЕК елдері келіскендей өндіріс рекордтық деңгейге деін қысқармақ. Ал қара алтынға сұраныс тек карантинді алып тастағаннан кейін ғана артады деді.

Ғ. Өтемісов